Қазақстан Республикасындағы теңсіздік мәселелерін азайту бағытында денсаулық жағдайларына сәйкес тенсіздікті қысқарту.

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң Факультеті

4-курс студенті Ботабай Мадияр Болатжанұлы

4-курс студенті Таңсықбай Олжас Қуандықұлы

З.ғ.д. профессор Атаханова Гулзағира Махатқызы

З.ғ.д. профессор Бисенова Меруерт Қылышбекқызы

 

Қазақстан Республикасындағы теңсіздік мәселелерін азайту бағытында денсаулық жағдайларына сәйкес тенсіздікті қысқарту.

Қазақстан Республикасындағы тенсіздік мәселелері қазіргі қоғамдағы негізгі өткір мәселелердің бірі болып отыр. Теңсездік дегеніміз екі тараптың бір-бірімен тең келмеуі яғни біреуі суырылып алға кетсе енді біреуі артта қалуы. Соның ішінде бүгін талқылайтын мәселе Қазақстан Республикасындағы денсаулық мәселелері, теңсіздігі. Денсаулық сақтау мен денсаулық деңгейіне қол жеткізудегі теңсіздігі Қазақстанда елеулі проблема болып табылады. Бұл теңсіздікке әсер ететін кейбір аспектілер:

  • Географиялық таралуы: шалғай және ауылдық жерлерде медициналық мекемелер мен мамандардың жетіспеушілігінен сапалы медициналық көмекке қол жетімділік шектеулі болуы мүмкін.
  • Экономикалық факторлар:табыстың төмен деңгейі ақылы медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге қол жеткізуді қиындатуы мүмкін.
  • Әлеуметтік мәртебе және білім: әлеуметтік мәртебесі төмен және білімі төмен адамдар ақпараттандыру мен қаржылық мүмкіндіктердің шектеулі болуына байланысты денсаулық сақтау саласына жиі қол жеткізе алмайды.
  • Этникалық және мәдени айырмашылықтар:кейбір этникалық топтар Денсаулық сақтау саласындағы ерекше қиындықтарға, соның ішінде тілдік кедергілер мен мәдени қалауларға тап болуы мүмкін.Алдын алу шараларына қол жеткізу
  • Медициналық көмек сапасындағы теңсіздік:көрсетілетін қызметтердің сапасы мекеменің аймағына және түріне байланысты өзгеруі мүмкін. [1]

           Статистиктардың мәліметіне сенетін болсақ елімізде орташа өмір сүру жасы 74,4 жасты құрап отыр, бұл жалпы ел бойынша мәлімет, ал аймақтар бойынша бөліп қарайтын болсақ әр аймақ әртүрлі мәлімет береді. Мәселен Семей  аймақтарында адамның орташа өмір сүру жасы 71,2 жасты құраса Алматы облысында орташа өмір сүру жасы 76,3 жасты көрсетіп отыр. Яғни бұл дегеніміз ел аумағында адамның денсаулық жағдайларындағы тенсіздікті де көрсетіп отыр. Бұл сауалға нақты жауап сонау өткен ғасыр еншісіндегі ядролық сынақ екені белгілі. 1949 жылы Семей полигонындағы алғашқы жарылыс құпия түрде өтті. Кейін жылына 20-ға дейін жарылыстар іске қосылды. Жалпы алғанда1989 жылдың 19 қазанына дейін, 1945 жылы 6 тамызда американдық әскерилер тастаған Хиросима бомбасынан 2,5 мың есе көп заряд жарылды. Міне осылардан қалған  химиялық қалдықтардың зардабын халық әлі күнге дейін көріп әлек. Бұл жағдайды нақтылауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Үкімет алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарауы керек. Ол халықтың қалың тобына, соның ішінде ауыл тұрғындарына барынша ұтқыр әрі қолжетімді болуы тиіс. Үш жыл ішінде тиімді ауылдық денсаулық сақтауды құру, барлық ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету үшін шалғай өңірлер үшін көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет”, – деп тапсырды Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында. Яғни бұл мәселе әлі күнге өз өзектілігін жоғалтпады халықты медициналық жағдаймен толық қамтамасыз ету денсаулықтарын жақсарту үшін әлі күнге жұмыстар жүргізіліп жатыр. [2]

Қазақстанда адамдардың денсаулығын жақсартуға мынадай шараларды қамтитын кешенді тәсіл арқылы қол жеткізуге болады:

Біріншіден: Денсаулық сақтау жүйесін дамыту: медициналық инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.Аурулардың алдын алу: салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және денсаулықтың басқа аспектілері туралы білім беру науқандарын өткізу.Білім беру және медициналық сауаттылық:халықты денсаулық негіздеріне, профилактика ерекшеліктеріне және дәрігерге уақтылы жүгінуге үйрету.

Екіншіден: Жалпы аурулармен күресу бағдарламалары: мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруларының, онкологияның, инфекциялардың және т. б. алдын алу. Медицинаның бастапқы буынын дамыту: отбасылық дәрігерлерді қолдау, білікті және қолжетімді бастапқы медициналық көмекке жағдай жасау.Медицинадағы ғылыми базаны дамыту: медициналық саладағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру және қолдау.

Үшіншіден: Денсаулық үшін қолайлы орта құру:  экологияны, санитарлық жағдайды жақсарту, тамақ өнімдерінің сапасын бақылау.Әлеуметтік қолдау: халықтың осал топтарына, соның ішінде балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсету бағдарламаларын іске асыру.Телемедицина және электрондық денсаулық сақтауды дамыту:заманауи технологиялар арқылы консультациялар мен медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Іс-шаралардың тиімділігін бақылау және бағалау: нәтижелерді үнемі талдау және қол жеткізілген көрсеткіштерге сәйкес стратегияны түзету.

Халық денсаулығы ол ертенгі елдің қамы. Тіпті ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конститутциясында мемлекеттің ең жоғары байлығы адам өмірі деп түйінделген. Осы тұста  жұмыстар атқарылса елдегі халықтың деңсаулығына оң әсер беретіндігіне сенім мол. [3]

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *