Қандас бауырымыздың біз білмейтін құпиялары…
Кезінде қуғын-сүргін салдарынан басқа елге бас сауғалап кеткен қандастарымыздың бірі оралса, енді бірі сол жақта мерт болған еді. Әлі күнге дейін шекара асып кеткен қандастарымыз елге орала алмай жүр.
Жақында ғана журналистика факультетінің 1-курс студенті атанған ерекше баланы байқап қалдым. Сұрастырғаным бойынша, ол бала біздің қандасымыз екен. Өзі ақкөңіл, еш арам ойы жоқ аңғал, қылықтары да бір қызық көрінді. Бір күні жатақханада жүргенімде тырнағын алып, дәліздегі гүлдердің топырағына көміп жатқанын байқап қалдым. Сөйтіп, өзінен сұрасам, анасының айтуы бойынша, алынған тырнақты топыраққа көміп, артынша су құйсаң, гүлге пайдасы зор екен. Гүлдің сабағының қатайып өсуіне, топырақты микробактериялардан қорғайтынын айтты. Тағы да қандай қызықты ақпараттармен бөлісе аласың деп сұрағанымда, адамның шашына қайызғақ түссе, 1 стакан суға тұзды кофе секілді езіп, араластырып шашыңды сонымен жусаң, ертеңіне шашыңдағы қайызғақ жоғалып кетеді екен. Бұл ақпараттардың барлығын кішкентай кезден бері нағашы апасының қасында жүріп естіпті. Сондай-ақ, нағашы апасының емшілік қасиеті бар болып шықты. Және Тұрпан атты мекенде емдейтін жақсы бір жер бар екенін айтты. Егер қандай да бір аурумен ауырып жүрген таныстарыңыз болса, сол жерге апарып емдетуге кеңесін берді. Өзінің де сол жерде емделіп, емінің оң әсер бергенін жеткізді. Одан бөлек, нағашы апасының айтқаны бойынша, өзіміздің журналистика факультетінде оқитын Мейрамбай атты баланы өзі емдеген. Нақтырақ айтсам, баланың аяғы ісініп кетіпті. Ал ол қауынды пакетке салып езіп, суын шығарып оның аяғына жаққан. Солай ол баланың аяғының ауырсынуы басылған. Жас та болса, біраз дүниені өз бойына сіңірген Иса Бейбіттің берген ақпараттары барлығымызға пайдалы болар деген үміттемін. Міне, қандас бауырымыздың біз білмейтін, біз естімеген қаншама сырлары бар.
ҚазҰУ, журналистика факультеті, 2-курс
Болат Айғаным
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718