Журналистерді төртінші билік иесі дей аламыз ба?
Журналистің жүгі ауыр.Халқының мұңын айтып, халық қамын ойлайтын, шындықты шығарып қоғамға бүкпесіз жеткізетін майталман жан.Ешкімнен қорықпай, шындыққа жетем деп шырылдаған журналистердің еңбегі өлшеусіз. Осы себептен де журналистерді ақпарат майданының жауынгерлері десем артық айтпаймын.
Журналистерді қоғамның үш билігінен кейін қойған дұрыс па? Олар қаншалықты лайықты?
Кез келген оқиға болмасын ол жерде журналистер жүреді.Қауіпті жерлерге баруға тура келеді. Сондықтан да өз басын қатерге тігіп жүрген журналистерді «Төртінші билік” деу орынды деп ойлаймын.Олардың атқарған істері де қоғам тұрғысынан қатал сын мен талапқа ұшыраса да, олар өз жұмысын тоқтатқан емес.
Халық арасында жиі кездесетін «Неге шындықты жасырып отыр?»,«биліктің қол шоқпары» осы сияқты көптеген сыни пікірлер қалыптасқан.Ал олар ақпаратты алу үшін есікті күзететіндігін,соғыс,апат орнына жетіп ақпарат тарататынын түсіне бермейді. Халықтың даттайтыны да жақтайтыны да бар.Осы арқылы біз журналист болу қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық екенін білеміз.
Қорытындылай келе қоғамның «Төртінші билік» өкілдері журналистердің өзіне тән ерекшеліктері бар.Журналист барлық мамандық иесі.Қаласа басшы да ұшқыш та, жауынгер де, болады.Осы қызметімен де ол халыққа да мемлекетке де ықпалын тигізе алады.