Ұлы Абай
Әрбір халықтың белгілі бір кезеңдегі мәдениеті мен әдебиеті,яғни бүкіл бір белгілі халықтық болмысы өрлеу мен дамуға жол ашары сөссіз.Ал біздің қазақ халқында әдеби даму үрдісі сонау ХІХ ғасырдың соңында бастау алды.Оның айрықша бет-бейнесі ұлы ақын,ойшыл,Абай Құнанбайұлы екені сөссіз.Қос ғасырдың көрінісі болған Абай,халықтық өркениеттің шыңына шығар амалды тапқандардың алғашқысы болғаны белгілі.Өз заманының кері тұсын,сол уақыттағы қараңғылықты,өз жырларына арқау еткен Абайдың ақындық болмысы қазірге дейін актуальды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Абай феномені – қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс!