Абай – Орталық Азиядағы мəдени қарым-қатынастарды дамытушы
Оның біршама еңбектері сан түрлі тілдерге аударылып, қаншама əлем
жұртының жоғары бағасына ие болып келеді. Себебі, оның туындылары
көркем мінезге баулитын, жаман əдеттерден арылуға жол сілтейтін
шығармалар. Еңбектеген сəбиден, еңкейген қартқа дейін Абай атамыздың
кемінде екі-үш өлеңін жатқа біледі. Бұл да ақынның өлшеусіз еңбегі.
Сондықтан, ақынның мұралары жалғыз бізге ғана емес,бүкіл адамзатқа
ортақ. Соның ішінде, Орта Азия халықтарын жатқызуға болады. Осы арқылы
елдер арасындағы мəдени байланыс арта түседі.
Көрші Өзбекстан мемлекетінде ақиық ақынымызға арналған кино
түсірілген екен. «Абай сөзі» атты деректі фильм аз уақыттың ішінде көптің
сұранысына айналып үлгерген. Өзбек тіліндегі туындыда ақынның балалық
шағынан бастап барлық тұлға болып қалыптасу кезеңдерін көрсетіп шыққан.
Осы ретте 2018 жылы 13 наурыз күні Абайдың шығармаларын насихаттауға
арналған қаулыға қол қойғанын атап өтуге болады. Құжатта тұлғаның
мұралары жалғыз қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халқына, оның
ішінде өзбек халқының рухани дамуына ықпал ететіндігі көрсетілген жəне де
«Екі халықтың достығы мен бауырластығының нығаюына елеулі үлес
қосқанын ескере отырып жəне Өзбекстан қоғамының қазақ əдебиеті мен
өнерін тереңірек тануы үшін мəдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту
мақсатында Өзбекстанда Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын
кеңінен зерттеу мен насихаттау туралы ұсыныс мақұлдансын», – делінген.
Яғни, қаулыға сəйкес құжатта Абайдың «Таңдамалы» шығармалар жинағын
жəне «Өзбек-қазақ мəдени байланыстары» əдеби-сараптамалық мақалалар
жинағын дайындап, баспаға беру ұсынылған. Одан бөлек, ақынның өмірі мен
шығармашылығы туралы мақалалар мен теле, радиоматериалдар əзірлеу, оқу
орындарындағы мектептерде, əскери бөлімдер мен ұжымдарда тақырыптық
кештер өткізу жоспарланды. Сонымен қатар Қазірдің өзінде Өзбекстан
мектептерінде оқушыларға ақынның өсиет сөздері үйретіліп жатыр. Ол үшін
арнайы сағаттар да бөлінген. «Дегенмен бұл аздық етеді», – дейді ұстаздар
қауымы. Зеңгі ата ауылындағы мына мектеп 200-ден астам балаға арналған.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718