Информатика пәні 10 сынып “§ 4.1 WEB-ПРОГРАММАЛАУ. WEB-САЙТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК” тақырыбына күнтізбелік жоспар
Бөлім | Веб-жобалау |
Педагогтың аты-жөні | Сахуан Айбарша |
Күні | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сынып | 10 |
Сабақтың тақырыбы | § 4.1 WEB-ПРОГРАММАЛАУ. WEB-САЙТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 10.4.2.1 web-парақшаларды жасауда HTML-тегтерін қолдану
|
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: HTML тілінің базалық тегтерін сипаттайды;
Көпшілік оқушы: Тегтерді пайдаланып Веб парақтар құрады; Кейбір оқушы: 10 тегтен артық тегтер пайдаланып веб парақ жасайды. |
ЕББҚ оқушы үшін сабақ мақсаты | онлайн конструкторды пайдаланып web-сайт жасайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы
5 мин
|
Ж. «Бір қадам артқа» әдісі
Мақсаты: оқушылардың бұрынғы білімдерін пайдаланып сабақ тақырыбына өту. -Веб сайт дегенді қалай түсінесің? -Веб сайтты қандай бағдарламалар көмегімен жасауға болады?
Тірек сөздер арқылы топқа бөлу: Web-бет, веб-сайт, HTML
Сабақтың тақырыбын болжау.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Әр дұрыс жауапқа балл беріледі. Барлығы 3 балл.
|
Сұрақтар жазылған парақша.
|
10 мин | ТЖ. «Стоп-кадр» әдісі. Тақырыпқа сай YouTube желісінен бейне үзінділер көрсетіледі.
Тапсырма: Тақырыптың жалғасын оқулықтан іздеп кадрды толықтырыңдар.
|
Оқушылар бейнеүзінділерді көре отырып, тақырыптың жалғасын оқулықтан іздестіреді.
ЕБҚ оқушы тапсырмасы: үзінділерді көре отырып, тірек сөздерді жаз. |
ҚБ. «Бағалау парақшасы»
Бағалау критерийі: HTML тілінің базалық тегтерін сипаттайды.
Дескриптор: –Web-бет-ке анықтама береді;1б -үзіндіні толықтырады;1б – HTML тілінің базалық тегтерін сипаттайды. 2 б |
Информатика. Оқулық. «Атамұра» баспасы
|
10 мин | ЖЖ. «Компьютерде орындайық»
Тапсырма: Браузер экранында келесі ақпаратты көрсететін HTML тегтерін пайдаланып веб парақша жасау: Тегі, аты, әкесінің аты. Мектеп атауы, сынып нөмірі. Оқушылар мұғаліммен бірге қарапайым веб парақ жасап оны браузерде тексереді.
|
Оқушылар
Қарапайым веб парақша жасайды. ЕББҚ тапсырманы алгоритм бойынша орындайды
|
ҚБ. «Бағалау парақшасы»
Бағалау критерийі: HTML-тегтерін қолданады.
Дескриптор: -HTML құрады; 2 б – ақпараттарды көрсетеді. 1б
|
Информатика. Оқулық. «Атамұра» баспасы
134-бет |
10 мин | Ж. «5 минут уақытыңыз болса…» әдісі
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық тапсырмасы:
Егер де сіз болашақта программалау ісі бойынша жұмыс атқарсаңыз, қандай web-парақша жасар едіңіз?
Оқушыларға өз веб парақтарын жасауғатапсырма беру
Дифференциация: Оқушылар Қосымша 1 Көрсетілген тапсырманы орындайды немесе еркін тақырыпта өз веб параөтарын жасайды. |
Оқушылар өз web-парақшасын құрады.
ЕББҚ оқушы мұғаліммен бірге орындайды. Саралау: жеке қолдау көрсетіледі.
|
ҚБ. Қол шапалақтау
Бағалау критерийі: Д Кем дегенде 10 тег пайдаланылған |
Қосымша 1
Компьютер |
5 мин | Сәйкестендіруге арналған тап
Осы мақсатқа арналған тапсырма кеере? HTML тілінің базалық тегтерін сипаттайды;
|
Оқушылар HTML тілінің сипаттамасымен тегтерін сипаттайды.
ЕББҚ оқушы мұғаліммен бірге орындайды. Саралау: жеке қолдау көрсетіледі.
|
ҚБ. Қол шапалақтау
К Д
|
|
Сабақтың соңы
5 мин |
Оқушы рефлексиясы. «Қол» әдісі
«Қол» рефлексиясын орындауда әр саусаққа сабақ бойынша қорытынды ойларын жазып, саралау жасайды. Бас бармақ – маған ұнады, бұл – супер! Сұқ саусақ – бұған мән беру керек. Ортаңғы саусақ – бұл маған өте ұнады… Шылдыр шүмек – бұл жердегі ахуал. Кішкентай бөбек – маған жетіспеді. Кері байланыс ? |
Оқушылар сабаққа кері байланыс жасайды.
? |
Жиналған баллдар саналады.
? |
Қосымша 1
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық тапсырмасының мәтіні:
Егер де сіз болашақта программалау ісі бойынша жұмыс атқарсаңыз, қандай web-парақша жасар едіңіз?
WordPress-те веб-сайтты қалай жасауға болады?
Қазіргі уақытта веб-сайт жасау өте қарапайым, сондықтан кәсіби веб-сайтқа ие болу үшін сарапшы бағдарламашы болу керек пе деген күмәніңіз болса, демалуға болады. Көптеген онлайн қызметтерде (барлығы болмаса) ештеңені бағдарламаламай-ақ бетке ие болуға мүмкіндік беретін құралдар бар. Бірақ жобаңыз сәтті болуы үшін осы факторларды ескеру қажет.
Ең жақсы доменді алыңыз Веб-бетті жасаған кезде сізге бірінші кезекте шабуылдағыңыз келетін тақырыпты синтездейтін қуатты Домен болуы керек. Біз сізге бере алатын кеңестердің бірі – сіз орналастырғыңыз келетін кілт сөзі бар доменді алу, осылайша Google-да жоғары орындарға жету оңайырақ болады. |
Web-парақшаны қалай жасауға және оны Adsense арқылы монетизациялауға болады жеңіл нұсқаулық |