Шырағы сөнбеген кемел тұлға

Шырағы сөнбеген кемел тұлға

Ақтөбе обылысы, Шалқар ауданы
“Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ” КММ
9 сынып оқушысы
Жеткерген Зере Елемесқызы

          Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Деп, дана халық айтқандай жаратылысынан ерекше тума талант иесі болған жазушы әрі драмматург, халық мәдениеті мен өнеріне бір кісідей сүбелі үлес қосқан қоғам қайраткері-Тахауи Ахтанов.
Бүгінде 100 жылдығын атап өтіп жатырған ұлы тұлғамыз-Тахауи Ахтанов. Тахауи Ахтанов 25 қазанда 1923 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Өзіміздің жерлес жазушымызды білмесек үлкен қате.
“Жақсы адамның аты өлмейді
Ғалымның хаты өшпейді.”
Осындай аты да, заты да, хаты да өлмейтін жазушыларымыздың бірі-Тахауи Ахтанов. Кемел тұлғамыз ұлт руханияты мен мәдениетіне үлкен үлес қосты. Недегенмен халықтың жүрегінде Ахтанов елесі қалды.
Т.Ахтанов Абай атындағы педогогикалық институттың екінші курсында оқып жүрген кезінде өз еркімен майданға сұранған, соғыста қолына қарумен бірге қалам ұстаған. Сондықтан жерлес жауынгер әрі жазушы тұлғамызды
әрқашан есте сақтаймыз.
Кемел жазушымыздың шырағы сөнбей,әрқашан аты атала берсін деген ниетте Т.Ахтанов атындағы театры салынды. Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтановтың драмалық театры 1992 жылы жұмыс істей бастады.Қәзірде бұл жер Қазақстан Республикасының көрікті жерлерінің бірі.
Қазақ әдебиетіне көп үлес қосқан,оны насихаттап, айрықша көзқараспен қарап, аяулы махаббатпен нақыштаған.
Т.Ахтановтың тарихта қалған еңбектері аз емес. Сол еңбектерінің бірі “Шырағың сөнбесін”,”Боран”, шығармалары “Күтпеген кездесу”,”Арыстанның сыбағасы” драмалары бар. Жазушының “Шырағың сөнбесін” повьесіндегі Назира бойындағы адами қасиеттер көпті көрген көреген ақ жаулықты әжесінен алған тәлім-тәрбиесі өмірдің шыралаң жолындағы қиындық пен ауыр өткелдерді басын тік ұстап, шыдаммен сабырмен өткеруі алған өнегесінің негізі болмақ. Жан дүниесіндегі еліне, отанына, жанжарына деген адалдығы мен сүйіспеншілігі оның ертеңгі күнге деген сенімін арттырып, ертеңгі болашағына арман мақсатына жеткізеді. Шырағы сөнбеген кемел тұлғамыздың шығармашылығы жылдар мен ғасырлар өткен сайын жаңарып, жаңғырып, кемелдене бермек. Тау алыстаған сайын биіктей береді аспанмен таласып, ал біз үшін кемел тұлғалы, жазушы-драматургіміз Тахауи Ахтанов шығармашылығы өз биігінен ешқашан аласармақ емес.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *