журналистің медиа саласындағы этикасы

Медиа саласындағы этика, журналисттік бейтараптылық адагершіліктің ерекше бөлігі.

Бүгінде мемлекетімізде әртүрлі арналардың бар екендігі мәлім, соның ішінде мемлекетіміздегі жалғыз ұлттық арна ол –  Қазақстар арнасы. Сол ұлттық, ақылы, мемлекеттік арналарымызда, баспасөз, радио саласында, былай  айтқанда медиа саласында, өзіндік бір үлкен қағидасы мен заңнамасы, жүріп, тұратындығын айтып өтуіміз керек. Журналисттердің, әрбір редакцияның өзіндік жазудағы, бір демі бар. Яғни, журналисттік дем дегеніміз, ақпарат берушінің жазу мәнері. Атып өткен жөн, әр журналисттің өзіндік жазу ерекшелігі болады, демек кез келген адамды қолжазбасына қарап таный алсақ, жазылған кез келген мақалаға қарап, оны қандай журналисттің жазып, таратып жатқанын болжап білу мүлде қиын емес. Ал медиа саласында әр журналисттің қойылған дауыс мәнері, ырғағы мен тебры, сөйлеу мәдениеті, өзін өзі ұстауы болыды. Міне осыларға байланысты жалпы журналистика саласында этикалық заңнамалары бар.

Журналистік этиканың мәні мен функцияларын қарастыру үшін алдымен кәсіби этиканың не екенін түсінуге тырысайық. Оның мәні неде екенін қарастырайық. Кәсіби этика – бұл адамдардың еңбек қатынастарын, сондай-ақ адамның өзінің кәсіби міндеттері мен міндеттеріне қатынасын реттейтін нормалар болып саналады. Кәсіби этиканың мазмұны, маманның кәсіби қасиеттері, маман мен ол өзара әрекеттесетін адамдардың қарым-қатынасы, ұжым мен қоғамның қарым-қатынасы, ұжымішілік қатынастар, мамандарды оқытудың мақсаттары мен тәсілдері. Моральдық этиканың мазмұны кәсіби этика мазмұнына байланысты, адамдар арасындағы қарым-қатынастың белгілі бір ережелерін белгілейтін нормаларды қамтиды. Егер журналистика туралы айтатын болсақ, онда бұл кәсіби қасиеттер, ақпарат көздерімен, басқа журналистермен және қоршаған ортамен қарым-қатынастарда ерекшеліктері. Этикалық нормалар мәселелерінде әрдайым қиындықтар және әр түрлі сұрақтар туындайды. Бұл кәсіби журналистік этика заңды түрде тіркелмегендіктен, бірақ журналистердің моральдық мінез-құлқының принциптері, ережелері мен нормалары қоғамдық пікірде қабылданған және қолдау тапқанын айта кеткен жөн. Негізі – кәсіби қызметте қоғамның этикалық идеяларына сәйкес кәсіби борыштың орындалуы ең жақсы жол екендігі түсінік. Бұл жерде лайықты мінез-құлық, тыйым салу ережелері мен принциптерінің нақты жиынтығы бар. Бұл ережелердің сақталуын журналистің ішкі ар — ұжданы және кәсіби бірлестіктер-сырттан бақылайды. Сонымен қатар, журналистика тікелей қағаммен, халықпен байланысты жұмыс болғандықтан, қоғамдық тараптанда бақылау өте жоғары.

Кәсіби журналисттік этика принциптерінің ішінде әдетте алты негізгі бар. Олар, біріншісі әрине, әлеуметтік жауапкершілік – автордың аты-жөні жазылған ақпарат үшін қоғам алдында жауап беруге дайын болу. Объективтілік пен шынайылық – журналист ұсынған ақпарат шынайы, дәл, жан-жақты, барлық тараптардың мүдделерін білдіруі керек. Әділдік – фактілерді мұқият тексеру, оларды дәлдігін жасырмау. Адалдық – қызметтік жағдайды пайда табу немесе өз мақсатында пайдаланбау, ақпарат көздерін құпия ұстау. Жеке адамның ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу тексерілмеген мәліметтерді таратпау, сондай-ақ жеке өмірге қол сұғуға тыйым салу болып табылады. Кәсіби ынтымақтастық кәсіптің беделіне қамқорлық жасаудан, әріптестер мен аудиторияның сеніміне ұқыпты қараудан тұрады.

Журналистік этиканың халықаралық негіздері 80 жылдары Прагадағы кәсіби журналистік ұйымдардың кездесуінде қабылданған болатын. Ол жерде тек журналисттерге ғана емес, сонымен қатар қағаммен де байланысқан заңнамалар қарастырылған. Мысалға, адамдар ақпарат алуға құқылы. Олар объективті, нақты, жан-жақты ақпарат алуы керек. Әр адам өз көзқарасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ мәдениеттің әртүрлі формалары арқылы еркін жеткізе алады. Журналист объективті шындыққа адал болуы керек. Оның негізгі міндеттерінің бірі — шындықты шынайы бейнелеу арқылы аудиторияның сенімді және шынайы ақпарат алуына кепілдік беру. Ақпараттық материалдағы фактілер шынайы болуы бұл кез келген редакцияның құндылығы. Ақпарат мағынасы бұрмаланбай сақталуы керек. Медиа қызметкері барлық күш-жігерін аудиторияға оқиға туралы нақты түсінік қалыптастыру үшін жеткілікті ақпарат алуға бағыттауы маңызды. Себебі журналист әлеуметтік жауапкершілікке ие. Ақпарат тұтыну заты емес, қоғамдық игілік екенін түсіну қажет. Жауапкершілік сонымен қатар моральдық-этикалық қағидаларды сақтауды талап етеді. Журналист қоғамдық мүдделерді, қоғамның демократиялық институттарын, қоғамдық мораль нормаларын, одан бөлек адамның жеке өмірін және оның қадір-қасиетін құрметтейді. Ол сондай-ақ халықаралық адам құқықтарын, оның беделін жала жабу мен жалған айыптаулардан қорғауы керек. Журналист кәсіби адалдықты сақтауы керек. БАҚ қызметкері өзінің жеке сеніміне қайшы келетін жұмыстан бас тартуға құқылы.

Журналист кез келген жағдайда кәсіби этика кодексіне сәйкес әрекет етуге міндетті. Ол елдің заңдарын сақтауға міндетті, бірақ кәсіби борышын өтеу кезінде ол өзінің әріптестерінің юрисдикциясын ғана мойындай отырып, әр тараптардың араласу әрекеттерін жоққа шығарады. Зерттеу барысында қазіргі таңда заңнамадан бөлек, барлық қағидаларды сақтап отырса да, этиканың барлық қырларын сақтай алмайтынын көре аламыз. Плагиат, жалған ақпарат немесе біртарапты ұстанымнан басқа медиа желісінде келеңсіз сөздер айтып, жеке айтылмайтын ақпараттарға мұрын сұғып немесе тіпті эмоцияға беріліп те кетуі этикаға қарсы болып саналады. Бұндай дүние тек көгілдір экран, не радио саласында ғана емес редакциялардада байқалады. Мәселен, оқиға желісінде ауыр қылмыс, өлім, не болмаса соғыс, яғни қатты эмоция тудыратын жаңалықтар желісінде, ақпарат беруші ауыр, халыққа кері әсерін тигізетін сөздербен, батырып айтуы мүмкін. Олда журналисттік бір дем болғанымен, біртараптылықты ұстанып, этиканың бұзылуына жатады.

Журналист тек көзі жететін, оның дұрыстығына сенімді ақпаратты таратуға құқылы. Ақпаратты дәл емес, толық емес немесе жасыру арқылы зиян келтірмеу үшін күш салу керек. Фактілер мен пікірлерді, болжамдарды, нұсқаларды нақты ажырату, бөлек ақпарат алудың заңсыз тәсілдеріне жүгінуге болмайды және ақпарат бермеу құқығын құрметтеу керек. Бұрмалау, жала жабу-ауыр кәсіби қылмыс. Журналист өз қателіктерін мойындап, олар үшін кешірім сұрауы керек, ол әр хабарламаның дұрыстығына өз атымен жауап береді.

Кейбір жағдайда, жоғарыда айтылғандай, ақпарат толық, әрі нақты болғанымен оны сіз жұмыс жасайтын редакция жариялауға тыйым салуыда әбден мүмкін. Алайда қазіргі таңда, кез келген журналисттің өзіндік болгы, яғни ақпарат тарататын жеке өзіндік әлеуметтік желіде парақшасы болатыны анық. Бұндай жағдайда дәл осы ақпаратты журналист парақшасында жариялауға құқылы. Берілген ақпарат жайында әрдайым куәгерлер немесе сол жаңалық жайында өз ойын білдіргісі келетін халықты болуы айғақ. Соған байланысты, сол куәгердің, коментатордың есімі құпия болып сақталуының өзі этикалық кодексттерге жатады.

Журналистік этиканың бұзылуы күнделікті өмірде жиі кездеседі. Кодекстің кейбір нормалары міндетті болуы мүмкін, кейбіреулері пікірталас тудыруы мүмкін, кейбіреулері бұзылуы мүмкін. Бұл стандарттар шектелмейді, тек объективті шешімдер қабылдауға көмектеседі. Олар бос шығармашылық кеңістіктің аумағын анықтайды. Егер журналист шетелге шықса, ол ақпарат көзімен, аудиториямен, әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста болады. Сонымен қатар, этикалық Кодекстер Заңдар күшсіз болған кезде қорғаныс болып табылады. Осы мәлімдемелерге байланысты, журналист алған оқуларынан бөлек заңнаманы түгелімен жатқа білгені абзал. Ол тек өзін ғана қорғап, өз шындығына ғана шырылдамай, халықтың атынан, қоғамның қолдауынан шыққандықтан, әр адамның құқығымен, мемлекеттік заңды білген дұрыс болып саналады.

Осы тұжырымдамаға байланысты журналист ол тірті адвокат ретіндеде жұмыс жасауы мүмкін. Зерттеу барысында әртүрлі қылмыстық істерге байланысты, құзіретті органдар шеше алмаған қылмыстарды, журналист шешіп, оқиғаныңс түпкі, шыбықпен шыбырылмаған шындықты ашқан кездерде болған. Бұл тұста ақпарат берушінің әмбебап екендігін байқауға болады. Одан бөлек, журналист өзінің ақпаратын жеткізіп, зерттуді  тоқтатуына да болатындығын айта кеткен жөн. Алайда ол шынайылықты қуалап, адалдық пен заң мен қылмыстық істерге, зерттеуге бейтарапты ұстанымды ұстап, түбінде шындықты ашып, айқындап жүргені, олда бір жеңіс деп білеміз.

Әрине, кейде жоғарыда айтылғандай, этика бұзылуыда мүмкін. Іс жүзінде кодекстердің ұстанымдары бірнеше себептерге байланысты бұзылады. Көптеген этикалық кодекстер бұрыннан қабылданған және қазіргі уақытта олар өмірлік шындыққа сәйкес келмейді. Екіншіден, жағдайлар күрделі және аралас. Уақыт өте келе олар оңай болмайды. Осындай бұзушылықтардың басты төрт тобы бар. Журналист және аудитория, мысалы, сенсацияға ұмтылу кезінде олар шамадан тыс дүрбелең тудыратын жаңалықтар жариялайды. Ал ол керісінше аудиторияны үрейлендіруі мүмкін. Мысалға, коронавирус кезіндегі үрей мен соған байланысты берілген жалған миллиондаған ақпараттар әшкереленді. Екінші жағдай ол, БАҚ қызметкері және ақпарат көзі, ақпаратты алаяқтық жолмен алу, заңдылықты дәлелдемей жариялау. Үшіншісі, журналист және басылым кейіпкері әдемі дизайнға ұмтылу үшін олар ұлтқа қатысты кеңестер жасайды, бір адамның іс-әрекеті бойынша халықтар туралы стереотиптер жасайды. Барлығымызға белгілі фотожурналистиканың болуы. Осыған байланысты басқа сурет қолданып, оның бастапқы түпнұсқасын жасаған адамды атамау, суретке белгілі бір түзетулер еңгізу, яғни фотошоп, суретте бар адамдардың рұқсатынсыз суретті жариялауда заңға қайшы болып келеді.

Сіздің беделіңізді және бүкіл кәсіби қоғамдастықтың беделін сақтау үшін Журналистік этика ережелерін сақтау маңызды. Егер БАҚ қызметкері қоғамның игілігі үшін әрекет етсе, оларды бұзу, елемеу өте қажет болған жағдайда ғана мүмкін болады. Әрине, нормаларды сақтау үшін журналистік этиканың мәні мен функцияларын білу қажет.

Одан бөлек, медиация термині бар. Медиация-медиатордың (бейтарап тараптың) көмегімен дауды (жанжалды) шешу тәсілі. Медиатор екі немесе одан да көп қақтығысушы тараптарға жанжалдың барлық тараптары үшін ең қолайлы жолмен дауды шешуге көмектеседі. Бұлда журналисттік этика болып келеді және тікелек бейтараптылықты қажет ететін сала. Жанжалдарды шешудің балама әдісі ретінде медиация дауды келіссөздер арқылы шешуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда медиатордың міндеті-жанжал тараптарына олар үшін дауды шешуге емес, өзара келісуге көмектесу. Маңызды мәселе – Медиация Тараптар қақтығысты шешкісі келгенде тиімді. Шын мәнінде, медиация келіссөздер процесінің ерекше нұсқасы болып табылады.

Сонымен қортындылай келе, бұл таңдалынған сала өте ауыр, әрі қатерлері көп болып келеді. Бірде саған дұрыс ретінде көрінетін дүние мүлде басқа болып, не дұрыс зерттелген жұмыстың біртарапты заңмен шешілетін нақты жолының болмай қалуы да болып тұрады. Сол себепті кез келген ақпарат беруші әр сөзіне абай болып, жауап бере аулы маңызды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *