Стилі ерекше 5 қазақстандық дизайнер

Қазақстанның сән индустриясы талантты мамандарға бай. Олардың көбісі тамырын тереңге жіберген, сән индустриясында өзінің ізін қалдырған жандар болса, ал енді басқалары тәжірибелі әріптестерінің нәтижелеріне қарап, өзінің шығармашылық жолына енді қадам басып жатыр. Бірақ бір нәрсе анық – қазақстандық дизайнерлер көпшілікке үлгі бола алады.  

 

Аида Кауменова

Аида Кауменова өзінің жұмыстарында туған жердің озық дәстүрлеріне негізделген сұлулықты көрсету басты мақсат деп біледі. Қыздарға нәзіктік және өзіне деген сенімділік секілді элементерді ұштастып, көпшілікті мойындатқан дизайнер.

 Бүгінде Aida KaumeNOVA сән үйі – Қазақстанда шығарылатын люкс киім брендінің бірі. Дизайнер коллекциялары өзектілігімен, заманауилығымен және өзгеше стилімен ерекшеленеді. Олар жылына екі рет еліміздің басты сән апталығы «Kazakhstan Fashion Week» көрмесінде көрсетіледі. 

 

Айя Бапани 

Қазақ дизайнерлері көбіне ұлттық бейнелер мен бояулардан шабыттанады. Алайда бұл стильді заманауи силуэттермен үйлестіру оңай шаруа емес. Дегенмен Айя Бапани бұл қиындықты оңай жеңетінімен белгілі. Дизайнердің тәңіршілік мәдениетінен шабыттанатыны байқалады. Ол киізден, жібектен және органзадан көйлектер мен шапандар жасайды. Әрбір киімде сол мәдениеттің көрінісі ретінде көрсетілген, таста салынған суреттерге ұқсас бейнелер кездеседі.

 

Айнұр Тұрысбек 

Айнұр Тұрысбек бұған дейін мемлекеттік компанияда менеджер болып жұмыс жасаған, бірақ жүрегінін үнін тыңдап қызметінен кетіп, сән индустриясына бет бұрады. Айнұр бренді 2012 жылы бастау алып, содан бері Қазақстан, Әзірбайжан, Украина, Грузия сияқты елдерде өткен сән апталықтарында өзінің топтамаларын ұсынды. Соңғы кездері брендтің стилі өзгеріске толы: дизайнер бұрын қара және күңгірт түстерді жанына жақын тартса , соңғы кезде ашық түстерді жұмысында жиі қолдана бастады. Айнұр Тұрысбек былғары күртешелер мен кең шалбарлар дайындап шығарудан қас шебер, бұл брендтің өзіндік ерекшелігі көптің жүрегін жаулаған.

 

Саида Әзихан

Қазақстандық дизайнер Саида Әзиханның алғашқы топтамасы 2005 жылы көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ дизайнер жұмысы Мәскеуде, Вашингтонда, Миланда және Нью-Йоркте жоғары бағаланып,елдің көңілінен шықты. Брендтің клиенттерінің арасында қарапайым әйелдерден бөлек, табысты іскер әйелдер мен отандық шоу-бизнес өкілдері де бар. Саида өзінің жұмысында қарапайым әрі өзгеше көрінетін стилді ұстанады. 

 

Аяжан Жақсыбай 

 Лондондағы беделді Scoop International көрмесінде ТМД елдерінің бірінші өкілі және Париж сән апталығына шақыру иегері атанған қазақстандық дизайнер Аяжан Жақсыбай AIKA ALEMI брендінің негізін салушы.Бұл брендтің киімдері көбіне тапсырыс бойынша тігіледі. Негізгі материал ретінде дизайнер жоғары сапалы киіз, жібек, мақта мен трикотажды пайдаланады. AIKA ALEMI – бұл елде аса қатты танымал емес бренд болғанымен, өзінің адал тұтынушыларының арқасында сұранысқа ие.

Уалихан Малика 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *