Қоғамдық көліктегі қолайсыздықтарға кім кінәлі?

Айналамызда қоршаған орта, жеке бір әлем, қайнаған тіршілік болып жатқандықтан әр адамның өмірге деген жеке бет алыстары бар. Бөлек армандар, жеке тұлғалар, әр түрлі мақсаттар болғанымен, барар ережеміз – бір. Иә, бәріміз де жер ғаламшарының тұрғылықты тұрғыны ретінде ортақ заңға бағынуымыз керек. Әсіресе, қоғамдық орындарда келеңсіз жайттарға тап болмау үшін, мәдениетіміздің жоғарғы сатысын барымызша көрсете алғанымыз жөн. Әсіресе, қоғамдық көліктерде.

Қазір өкінішке орай қоғамдық көліктерде келеңсіз жайттарға жиі ұшырасып жатамыз. Мәселен, үлкендерге орын бермеу, бір-біріне агрессивті мінез-құлқын көрсететін қоғамның қарасы қалыңдап келе жатыр. Бірақ кей құрметті қарттарымыз қоғамдық орында өз қадірін кетіріп алып жатқанына да бірнеше рет куә болдым. Оған мына мысалым дәлел болады.

Баратын жеріме қатынау үшін үнемі уақытынан ерте шығып, автобусқа отырамын. Жұмыс күндері таң ертесінен-ақ адамдар лық толы болады. Сол үшін көп жағдайда тұрып тұруға тура келеді. Тіпті бұл жағдайға етім үйренгені сонша, автоматты түрде орын бос болса да, тұрып тұруды әдетке айналдырдым. Енді сіздерге осы уақыттағы жағдайды баян етейін. Автобус аялдамаға тоқтаған кезде, толы адамдармен бірге әже де кіріп келді. Ажарына қарасам бетіне әжім кіргенімен, өзіне мән беретін, ширақ қимылдайтын жан екені көрініп тұр. Жас шамасы – 60-тан асқан деп топшыладым. Айтайын деген мәселем сырт келбетінде емес еді. Ол автобусқа міне салысымен автобусты басына көтеріп айқай сала жөнелді.

– “Қазіргінің жастары ұяттан безген, орын беруді ойламайды. Құрмет дегенді ұмытыпты. Әй, тұр орныңнан…”-деп көзі түскен орынға барып, әлгі қызды тұрғызып жіберді. Қыз ол аралықта не болғанын түсініп үлгермесе де, шошыған қалпымен орынынан атып тұрды. Негізі жас қыздың әжейгн қарсы сөйлеуге толық құқығы бар еді. Бірақ өзінің үлкенге деген құрметін көрсетіп, ақылдылығын танытты. Мен бұл көріністі көріп, қатты қынжылдым. Ойлап қарасаң, ол әженің автобусқа кіргені енді ғана. Әже айғай шығармаса да қызға ұрыс пен бұйрық бермей-ақ, көрген бойда орын беруші еді ғой.. Сондықтан әженің өзі орынды деп санаған қылығы орынсыз болды деп ойлаймын.

Қазір көп жағдайда жастардың жаңа ағымға бет алғанын, тәртіпке түзелмейтінін айтып жиі шағымданамыз. Ал шын мәнінде жастар – үлкендерден тәлім алады емес пе?! Сол себепті, жастарды жекімес бұрын бір сәт алдыңғы буын да өзін түзеулері керек деп ойлаймын.

Жалпы қоғамдық орындарда жастардың барлығы дерлік қоғамдық ережелерді жақсы біледі. Тек көп жағдайда үлкендердің тарапынан қателік кетеді деп ойлаймын. Мәселен, ашулы көлік жүргізушісі мен қабағы қатулы кондукторлар көп. Олай болып жүруінің алғашқы себебі, таңнан кешке дейін дамыл таппай жұмыс жасауы. Әлбетте, олардың жұмысының қиындығын әр саналы адам жақсы түсінеді. Әйткенмен бұл жұмысты өздері таңдап, соған сай еңбек ақысын алып отыр емес пе?! Сонда ішіне толған ашуын өзге адамнан алу қаншалықты дұрыс?

Қоғам- үйден алған тәрбиенің тыста көрінер айнасы іспеттес. Оның жақсы жақ пен жарқын шаққа қарай ауысуы тікелей өзімізден басталады. Себебі, қоғамдық орындағы жымиған бір бейнеңіз – келесі адамның жанарына жылу ұялатады. Осылайша таралған кішкентай шұғыла үлкен нұрды құрайды. Ол нұрдың барынша кең өріс алуы үшін қоғамдық ережелердің емлесін жадыдан шығармағанымыз жөн.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *