«Қазақша сөйлесейік!» акциясының қорытындысы бойынша кездесу ұйымдастырылды
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Байзақ ауданында «Қазақша сөйлесейік!» акциясы қорытындысы бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сауда орталықтарына және дәріханаларға барып мемлекеттік тілде қызмет көрсету, бақылау-касса машиналары арқылы жасалатын операциялардың тілін мемлекеттік тілге ауыстыру бойынша, БКМ арқылы берілетін түбіртектің қазақ тілінде басып шығарылуы туралы түсіндірілгені, әдістемелік көмектер көрсетілгендігі туралы тоқталып өтілді. Және алдағы уақытта аудандағы шағын және орта бизнес өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасау мәселесі талқыланды.
Кездесуге кәсіпкерлер, мұғалімдер қатысты.