Облыстық әмбебап кітапханасында өткен сабақ
Облыстық әмбебап кітапханасында өткен сабақ
Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап — білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың алар орны орасан зор. … Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Осы мақсатта облыстық әмбебап кітапханасында өткен “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын жүзеге асыру аясында “Көмілген арналар, көшкен жұрттар” атты кітабынының тұсаукесеріне оқушылар, студеттер, ғалымдар, мұғалімдер қатысты.
Ұрпақты жан-жақты дамытудың басты кепілі болатын кітапханадағы өткізілген көздесудің маңызы зор.Оқушыларда, студенттерде туған жердің тарихын саяхат сабақта көріп, зерделеген болса білімін толықтыру барсы кітапханның нақты деректерге көз жеткізу арқылы ғылыми дәлелдер келтіру , зеттеу жұмысына мол септігін тигізері анық. Мақсат пен нәтижеге бағыталған жұмыс Блум таксономиясы бойынша ұйымдастырылып, оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау көрсетілді.
Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында Ш.Есенов атындағы университеттің педагогика факультеті, биология кафедрасының аға оқытушысы Жантөре Мамаеваның аударуымен марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген арналар, көшкен жұрттар» тарихи-деректі кітабы «Туған жер» кіші бағдарламасы бойынша таныстырылды. «Үш қиян» баспасынан жарық көрген еңбегінде автор солтүстік-батыс түрікмен жерін мекендеген тарихи тұлғалар туралы деректер жинап, кітапты жазу барысында Ашхабад, Москва, Санкт-Петербург, Ставрополь қалаларының мұрағаттарын ақтарып, көмілген арналарды аршып, көшкен жұрттар шежіресін шертуге көп еңбек сіңірген. – Өзінің туған жерінде қандай халықтар өмір сүргенін білсін, «Маңғыстауға жеті жұрт келіп кетті» деген сөз бар, соның бірі түрікмен халқы. Оның ішінде Машырық қажы, Бектұрлы ишан, Қожанепес секілді зайырлы, халық сыйлаған тұлғалар, оқымысты ғұламалар, қайырымды адамдар өмір сүрген. Жастар оқысын, білсін деген мақсатпен аударғанмын.
Машырық қажы Ақшұқырда туған, сол жерде өмір сүрген. Құдығы бар, бақша салып, мектеп ашып ауылдастарын рухани жаңалыққа бағыттаған. Кітапта айтылатын тағы бір тарихи тұлға Бектұрлы ишан – Бекет атамызбен бірге оқыған, халық сүйіспеншілігіне бөленген адам туралы толық мағұлат алдық.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Сабақтар бір – бірімен сабақтасып, ұштасуда.
Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталған болса оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718