28 тамыз күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Маңғыстау әуендері» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен, 30 тамыз ҚР Конституция күніне орай ALT университетінің студенттерімен кездесу өтті. Басты спикерлер болып Кундакова Мақпал Жанатқалиқызы — заң ғылымдарының PhD докторы, Кунтубай Айдар Серікұлы — Аманат партиясы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Адал ұрпақ» жобасы аясында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру жобасының менеджері, Райхан Чантовна — Қонаев атындағы колледж директоры, қауымдастырылған профессор, құрмет орденінің иегері, Аманат партиясының саяси-кеңес мүшесі қатысты. Еліміздің болашағы үшін сыбайлас жемқорлықты жастар арасында алдын-алу бойынша сақтық шараларын жүргізді.