Қазақстандық жеті компания HKTDC Food Expo 2023 көрмесіне қатысты

HKTDC Food Expo 2023 жыл сайынғы халықаралық азық-түлік көрмесі Гонконгтың сауданы дамыту кеңесімен ұйымдастырылды.

Көрмеде Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы халықаралық сапа стандарттарына және қазіргі заманғы «эко-трендтерге» сай жоғары сапалы табиғи азық-түлік өнімдерінің 7 ірі өндірушісін таныстырды. Balara, Hatuo, MPS, Arltuz, Sultan marketing, Delis және Yunur отандық компаниялары органикалық өнімдерді сертификаттаудың қатаң іріктеуінен өтті.

 

«Органикалық өнім сыртқы таңбалау ғана емес. Бұл өндірістегі қатаң бақылау, заңмен реттелетін сапа стандарттары. Ал сыртқы нарықта стандарттарды екі есе орындау қажет. Food Expo халықаралық көрмесіне қатысатын қазақстандық компаниялар – стандарттарға сәйкестігі мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеген өндірушілер», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Ақеркін Ералиева.

Спикер өткен жылы HKTDC Food Expo халықаралық азық-түлік көрмесіне бес қазақстандық компания қатысқанын еске салды.

Қазақстан атынан көрмеге қатысқан компаниялардың бірі – кілегейлі бал сататын гонконгтық BALARA компаниясы болды.

«Компанияны Қазақстандық және Гонконг жоғары оқу орындарының түлектері құрды. Компанияның мақсаты қазақстандық тауарларды Оңтүстік-Шығыс Азияға импорттау және тарату болды. Біздің ұжым Оңтүстік-Шығыс Азия нарығында Қазақстанның табиғи өнімдеріне, оның ішінде ет, бал және ұнға жоғары сұранысты анықтады. Біз Қазақстанның басқа да эко өнімдері бойынша экспортты одан әрі ұлғайтуға ниеттіміз», – деді Balara компаниясының өкілі Жандос Сағынтай.

Сондай ақ HKTDC Food Expo 2023 көрмесіне өнім ұсынған компаниялар:

– «Аралтұз» компаниясы көрмеге OZERO маркасымен табиғи тұз алып келді. OZERO бренді – Арал көлінің түбінде өндірілетін табиғи тұз. Бұл ЭКО, БИО және Халал сертификаттарын алған қоспалар мен зиянды заттарсыз 100% табиғи өнім.

– Delice компаниясы – жоғары сапалы, піскен жемістер мен көкөністерден жасалған, пастерленген және асептикалық пакеттерге немесе шыны бөтелкелерге құйылған “Delis” шырындарын өндіруші. Компания өнімнің қызмет ету мерзімін ұзартатын заманауи Bag-in-Box сұйық тағамды орау технологиясын қолданады. “Delis” брендімен шырындар тек экологиялық таза өнімдерден жасалады. Көрмеде табиғи алма, алмұрт, жүзім, көп жемісті, қызанақ шырындары ұсынылады.

– Meat Proceasing and Service – етті бордақылау, өңдеу және сату бойынша толық циклді кәсіпорын. Компания 2008 жылы құрылды және Қытай, Парсы шығанағы және ТМД елдерінің нарығына ет өнімдерін ірі экспорттаушылардың бірі лауазымына көтерілді. Компания сапа стандарттарын сақтауға ерекше назар аударады, нарықтың қажеттіліктері мен мақсатты аудиторияның қызығушылығын ескереді.

– Sultan marketing – «Sultan» сауда маркасының ресми дистрибьюторы. «Sultan» сауда маркасының барлық өнімдері әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келеді және жоғары сапа, кең ассортимент және икемді баға саясатының арқасында танымал.

Hatuo –  түйе сүті мен өнімдерінің отандық өндірушісі.

Yunur – түрлі азық-түлік өнімдерін өндіруші.

Көрмеде қазақстандық тауарларға Гонконг, Корея, Жапония, Индонезия, Вьетнам, Малайзия, Иран және Сауд Арабиясы сияқты елдердің түрлі сатып алушылары қызығушылық танытты.

Көрменің үшінші күні тұрғындарға жәрмеңкеге қатысуға рұқсат етілді. Кәсіпорындар өз тауарларын халыққа сатуға мүмкіндік алды. Гонконгтың қарт адамдары Hatuo-дан түйе сүтін сатып алуға қатты қызығушылық танытты. Balara командасы Гонконг жұртшылығына бал банкаларын ұсынды, хабардар етті және сата алды.

«Біз Қазақстанның халықаралық сауда палатасына ЭКСПО – ға қатысуға және елімізді, өнімдерімізді көрсетуге және әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа байланыстар мен идеялар алуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз», – деп атап өтті Balara өкілі Жандос Сағынтай.

Гонконг – әлемдегі ең ірі порт және қаржы орталығы. Жыл сайынғы HKTDC Food Expo көрмесіне қатысу азық-түлік және сусын жеткізушілеріне қытайлық өндірушілермен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Жыл сайын көрмеге 30-ға жуық ел мен аймақтардан 1,560-тан астам экспонент, 510,000-нан астам сауда өкілі мен қоғам өкілдері жиналады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *