Балдай тәтті кездер…

Адам тағдыры әртүрлі кезеңдерден құралған. Соның бірі , әрі ең алдыңғы кезең – балалық шақ. Бұл балдай тәтті кезеңде ата-анаңның қарамағында, еш қиындыққа алаңдамай , ешнәрсені уайымдамай , балалық шақтан ляззат алатын уақыт. Бала кездің әрбір сәті , әркімнің есінде қалып қояды. Тіпті, уақыт өте келе қуанышқа толы эмоцияларымен еске салып отырасың …
Әрине , айта кететін жайт адамның тұлға ретінде қалыптасуына да, бала кездің әсері аз емес , тіпті тікелей байланысты деуге де, болады. Балалық сәттер қуанышқа толы болса , есейген кездегі ересек өмірде сол адам , психологиялық тұрғыдан дұрыс өседі. Ал егер өкінішке орай, балалық сәтті қандай-да бір қорқыныш болса , ер жеткен сәтте балалық шақтың травмалары өз кесірін тигізуі ғажап емес. Сондықтан да, әрбір ата-анаға әрбір баланы дұрыс тәрбиемен , ешбір психологиялық травма сыйламай өсіріп-бағу парыз деген ойдамын.
Әрбір балдай тәтті баланың өзінің балалық арманы болады. Және барлығы болмаса да, басым бөлігі ер жеткен сәтте де, сол арманының артынан еруі әбден мүмкін.  Сол үшін де, бала өмірінде ата-ананың ойнайтын рөлі бөлек. Біздің ойлау қабілетіміз , іс-әрекеттеріміздің бәрі де, ата-ана тәрбиесінен қалыптасады. Және менің ойымша , әрбір ата-ата өз баласының өсіп-жетілгенін көруден бақыт табады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *