ЕЛІМІЗДІҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ 1700 ПӘНДІК КАБИНЕТ АШЫЛАДЫ
ЕЛІМІЗДІҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ 1700 ПӘНДІК КАБИНЕТ АШЫЛАДЫ
🗣️2023-2024 жаңа оқу жылында 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, қосымша тағы 749 кабинет сатып алынады. Бұл жайында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.
💬«Жыл сайын мемлекет тарапынан мектептердің құрылысы мен оларды жаңарту жұмыстарына қаржы бөлініп келеді. Соңғы үш жылдың өзінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді. 2023-2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл аяғына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдардағы 1000 мектеп 6 бағыт бойынша жаңғыртылады: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пәндік кабинеттермен жабдықталады, мектеп, кітапхана, асханалардың жиһаздары жаңартылады, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», – деді Еділ Оспан.
🚪Сонымен қатар, бүгінде инклюзияны қолдаудың 5 кабинеті пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 37, ал 2027 жылға дейін 200 жаңа кабинетті ашу жоспарлануда. Еліміздің мектептерінде инклюзияны қолдау бойынша барлығы 646 кабинет жұмыс жасайды.