Тәуелсіз елдің ұстазы
Тәуелсіз елдің ұстазы
Ел ертеңін бүгін ойлаған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген сақиналы сөзі ұстаз атты ұлағатты сөзді арқалаған әр азаматтың санасына ұя салуы тиіс, яғни бүгінгі жас жеткіншектердің қоғамға лайықты азамат пен азаматша болып қалыптасуы – ұстаздан алар тәрбиенің, білімнің түп тамырында жатыр.
Қилы, қилы заманды бастан кешіріп, тарихтың талай сілкіністерінен аман қалып, өз тәуелсіздігіміздің салтанатын көруге аянбай тірлік жасап жатқан, қазақ деген халықтың, ұлттың мүддесін қорғауды, кез келген ұлтын сүйген жанның басты міндеті деп түсінемін.
« Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп екінші ұстазы Әл-Фараби айтқан дай дамыған заманда , мұғалім өзгеруге, өзгертуге қорықпау керек.
Қазіргі дамыған заманда мұғалімдер алдында еліміздің болашағы- жас ұрпақтың білімін, дінін, ана тілінде ойын анық, нақты жеткізе білуге , өзге тілде еркін сөйлей білуге, жаңа технологияны, әдіс- тәсілдерді үйрету міндеті тұр. Сондықтан әр ұстаздың өзіндік мақсаты мен тиімді әдісі болуы керек. Қазіргі заманда мектеп тек білім беру ошағы ғана емес, тәрбие, бағдар беру орталығына айналып отыр. Сол себепті, Қазақстан мұғалімдері үлкен жауапкершілікті арқалаған өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын тұлғаға айналып отыр.
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.» деп
К. Д. Ушинский айтқандай халық үшін еңбек ететін , бүкіл өмірі ізденуден тұратын елдің өкілі – ұстаз. «Ғалым да, шахтёр да бас иетін, ұстазым бар сенің қасиетің» деп келетін өлең жолдарынан ұстаз сөзінің үлес салмағын саралауға болар. Осы орайда жалпы ұстаздың қызметіндегі маңызды түсініктеге тоқтала кетсем, әр ұстаз :
- оқушылардың жеке тұлға ретінде тақырыпты қабылдауын түсінуге ұмтылуын;
- оқушының білімін дағдысын дамыту барысында , оны жақсарту үшін жұмыстар жүргізу қажет екенін ұғынуын;
- кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне ыңғайлы меңгеретіндігіне жете түсінуін;
- оқушыны өз пәніне деген қызығушылығын аша білуін қамту ұстаздың негізгі бағыты, мақсаты, міндеті болып тұр.
Ұстаздың іс – әрекеті оқушыға пайдалы болуы қажет. Оның қарым – қатынасы, пікірі , көз қарасы, қолдауы, болжамдары, шешімі, ұстанымы, идеялары қалай оқыту керектігі жөнінде негіз бола алады. Ұстаз көмекші, қамқоршы, қолдаушы, психолог, шыншыл, төзімді, мейірімді жан бола білуі қажет. Әр оқушыға құрметпен қарауы тиіс.
Жас ұрпақтың дүниеге көзқарасын қалыптастыра отырып, ғылым негіздері бойынша терең де, берік білімдермен және оларды өмірде қолдана білудің тілін және дағдыларымен қаруландыру – ұстаздың алдында тұрған зор міндет болып табылады. Ұстаз өз әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып , оқушылардың ұсыныс- пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет. Ұстаздың әрбір өткізген сабағы оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп, оқушының тереңде жатқан ойын дамытып, оларды әдеби, ғылыми, мәдени тілде сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы, ұстаз оқушылардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап, оқушылардың білім деңгейін бақылап отыру – әр ұстаздың міндетіне айналуы тиіс.
Оқытуда ескеретін жағдай оқушының жас ерекшелігі. Жас ерекшелігі көп нәрсені шешеді. Жалпы оқушыны оқытуда ұстаз, тапсырмалары оңай жолдан , қиын жолға бағытталған қызықты, қажетті ақпарат болуы керек.
Оқушының деңгейін көтеруге оның зейіні, есте сақтауы, сөйлеуі, жады аса маңызды рөл атқарады. Оқушылар зейінді суреттерді көру, ақпаратты есту арқылы топта талқылау арқылы есте көп сақтайды, бұл жағдайда жас ерекшелігі маңызды, жасы кіші балалар көп суреттен бір – екі суретті есте сақтауы мүмкін, ал жасы үлкен оқушы бірнеше суретті көбірек есте сақтап, зейіндерін шоғырландыра алады
Ұстаздың бойында көсбасшылық жобада да дамуы қажет. Көсбасшылықты ұстаз өзінің кәсіби біліктілігімен жасайды, яғни ұстаз адамгершілік қасиетті мақсатқа ала отырып ,өзінің көсбасшылық қасиетін көрсетуі қажет.
Оқушылармен жұмыс істеу барысында таланатты және дарынды балаларда кездесіп жатады. Дарындылық ол адамның туа біткен қасиеті, ал талантты оқу, үйрену , тәжірибие арқылы қалыптастыратын қасиет болғандықтан ұстаз әрі сыншы , әрі бақылаушы болуының өзі жұмысының өрлеуіне үлкен әсер етеді.
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген мақалды халық арасында көп естиміз , бұл дегеніміз баланы алғашқы ұстазы мектеп табалдырығынан алғаш аттағанда алдынан күтіп алып, әріп танытып, жазу жаздыртып үйреткен ұстазы оқушының есінде қалатын ең маңызды адамдардың бірі болып қалады және алдағы өмірге бағыт беруші тұлға болып табылады. Жақсы ұстаз мектептің жүрегі демекші , ұстамы берік, жақсы ұстаз оқушының болашағын қалыптастырушы баспалдақ та болып табылады.
Иә,жан – жақты шәкірттерді оқыту, дайын тұлға етіп қалыптастыру ұстаздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі деп есептеуге болады.
Қоғамда өз орын тапқан сыйлы да, құрметті мамандық ұстаз болу деп айтар едім .
Тәуелсіз елімізде ұлтжанды, алғыр, білімді, бәсекеге сай, тәрбиелі де қарпайым, иманды ұрпа қ өсіру- бүгінде ұстаздықтың шыңы, баға жетпес рухани байлығы деп мақтанышпен айтар едім.Ұстаздық ету ең таза, ең пайдалы, ең мәдениетті, қиындығымен қызықты, адал еңбекпен ұласқан бір адам
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718