Лудомания: Қазақстандағы құмар ойындардың зардабы

Құмар ойын – тәуелділік туындататын желі.

Рахимбердиева Айша Раймжанқызы

Олардың адамды қызықтыратын бір тұсы бар. Бұл ақшаға, түрлі жиһаз, малға деген құштарлық. Қарапайым түрде бай болудың “оңай” жолы. Қазақстанда орта есеппен 350 мың адам құмар ойынның құрбанына айналса, орташа қарызы 10 млн теңгеден асады. Басқа салада үлкен прогресс жасамағанымен еліміздегі осындай бизнес біршама деңгейге жетті. 2022 жылдың 1 тоқсанында құмар ойынды ұйымдастыратын, мүлік тігу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 138,8 млрд теңгені құрады.

Бірі білсе, екіншісі білмейді. Алайда, осы жолда адасқан адамдар тек ақшадан емес, өмірінен айырылады. Елімізде ажырасқан 10 жұптың әр 7 жұбы осы ойындардың әсерінен бір-бірінен ажырады. Құмар ойындардан шыға алмайтын адамдар “лудомания” ауруына шалдығады.
Не себепті адамдар тәуелділікке ұшырайды?
Бірінші және ең көп таралған мәселе:отбасыдағы мәселе. Ол тікелей жүріп, тұруымызға, дұрыс өмір салтын жүргізуімізге әсерін тигізеді. Егер де үй ішінде тыныштық орнамаса, іштегі ызаны басып тастау үшін ойындарға көңіл бөліп, уақыт өткізетін болады.
Екінші, әрі бірінші мәселеден туындайтын қиыншылық: қаржылық, моральді қиындықтар. Еліміздегі қаржылық сауаттылықтың төмендігінен халықтың көп бөлігі әлі күнге дейін тәуекелге баруға дайын.
Үшінші мәселе: қанағатсыздық. Яғни, өмірден түңілу, бар дүниені бағалай алмау. Қазіргі заманда ақша табудың сенімді, әрі көп капиталды қажет етпейтін түрлері көп. Алайда, оны білмеген қауым әлі күнге дейін дұрыс емес ортада жүр.

Лудоманияға шалдыққан адамдарға қалай көмек бере аламыз?
Еліміздегі әр адам тыныш, уайымсыз өмір сүруге лайықты. Сондықтан, қиын тағдырға тап болғандарға көмектесу маңызды.
1.Республикадағы жағдайды өзгерту үшін салмақты түрде профилактика жүргізбен жөн. Бұл алдын-алу шараларының бірі болып табылады. Лудоманияға шалдыққан адамдардың ең әлсіз жері – ойлау қабілетінен айырылғаны. Сәйкесінше, психологтармен жұмыс көмегін көрсете алады.

Ақша бірде бар, бірде жоқ. Ол жоқ кезде адамның ең үлкен көмекшісі-оның білімі. Ойынға емес, оқуға уақыт бөліңіздер!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *