Атадан қалған асыл мұра

Тоқбергенова Самал Дәуренқызы

Қазақ балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады. Қазақ балалар әдебиетініңалғашқы жазба үлгілерін  19 ғ-да  Қазақтын алғашқы-педагогы, қазақ жазба әдебиетінің классигі, балар әдебиетінің негізін салушы Ыбырай Алтынсарин жасады.Ол Қостанай облысы Тобыл өзенінің жағасында дүниеге келген. Атасы Балқожа ел арасында аса қадірлі би болған. Балалық шағын ата ұолында өткізген Ыбырай өз халқының салт-дәстүрін,мәдениеті мен өнерін сүйіп өскен.Мұсылманша сауат ашқан.Кейіннен орыс мектебі мен мұғалімдер семинариясын тәмәмдаған. Орыс мәдениетін жетік меңгеріп, сол арқылы батыс мәдениетіне қол созған. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын,этикалық-эстетикалық  тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазады. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына  жеңіл шығармаларды іріктеп,орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық(«Киргизская хрестоматия»,1879) бастырып шығарды. Сөйтіп бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог жазушы. Бар саналы ғұмырын өз халқына білім беруге арнаған.Қазақ даласында мектептер ашып,алғашқы оқулықтар шығарған.Сондықтан оны «дала қоңырауы», «қазақ балалар әдебиетінің атасы» деп құрметпен атайды.

Қазақтын ұлы ақыны Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге», деген өлеңдерінде қазақ балаларын оқуға ,өнерге үндеді.Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары 20-ғ-дың басында көбие бастады. 1912ж. Орыс ақын жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған озінін төл шығармаларын қосып,«Үлгілі тәржіма» атты кітап және «Үлгілі бала» оқулығын шығарған-педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де қазақ балалар әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі мол.Қазақ балалар әдебиетінің Қазан төңкерісіне дейінгі белгілі үлгілері қатарында М.Кәшімовтын «Әдеп»(1907), «Ақыл»(1908) атты жинақ М.Нұрбаевтын «Көргенді бала – үлгілі ана»(1908),Ғ.Мәжитовтың «Қазақ шәкірттеріне ақыл»(1910), М.Дибердиевтің «Қазақ балаларына қирағат кітабы» (1910) кітаптарын сондай-ақ, Т.Жомартбаевтың «Балаларға жеміс»(1912) атты өлеңдер жинағын атауға болады. Ақын С.Торайғыров балаларға арнап өз кезіндегі өзекті мәселелерді өрнектеген өлеңдер жазды( «Шәкірт ойы», «Оқып жүрген жастарға», «Бір балуанға», т.б).

Кеңес дәуірінде идиологияның өзекті бір саласы ретінде балалар әдебиетінің де дамуына арнайы көңіл бөлінді. Алғаш шыға бастаған «Лениншіл жас» ( қазіргі «Жас алаш») газеті мен  «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында «Пионер» («Октябрь балалары», «Қазақстан пионері», қазіргі «Ұлан») газетінде балаларға арналған өлең-жырлар,әңгімелер жарияланды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ш.Иманбаева жеке өлеңдерін, І.Жансүгіров «Малта», «Шәркей» (1929), «Жұмбақ» (1930) сурет кітапшаларын, Ө.Тұрманжанов «Қошан кедей» (1927) әңгімелер жинағын шығарып, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. 30 – жылдарыҚ.Әбдіқадыров, А.Тоқмағанбетов, Т.Жараков, Ж.Саин, Ж.Сыздықов  балаларға арнап өлең жазды. 40 – жылдардағы  қазақ балалар әдебиетінде Қ.Аманжоловтың, М.Хакімжановтың, Ә.Тәжібаевтың, Ғ.Омаровтың балаларға арналған өлең-тақпақтарын жиі жариялап тұрды. 50 – жылдардан бастап қазақ балалар поэзиясында бала психологиясына терең бойлаған балалар ақындары бой көрсетті. Ақын-жазушылар Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, М.Әлімбае, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Баянбаев, С.Қалиев, Е.Егеубаев, т.б. балаларға арнап, көптеген кітаптар жазды.  Оларда балаларды Отанды сүюге, ғылым, білімге жетелейтін тартымды тақпақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар ертегілер мол. Қазақ балалар әдебиетінде, сондай-ақ, сатиралық шығармалармен ( О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы), жаңа поэмалармен (Х.Ерғалиев, Ә.Сәрсенбаев), жаңаша ертегілермен (Ө.Тұрманжанов, Қ.Мырзалиев, Ә.Ахметов, Ыдырысов), ақындар Ж.Өмірбековтың, І.Мәмбетовтың, Қ.Мүсіреповтың, Т.Молдағалиевтың жинақтарымен, суретше-кітаптарымен толысты.Қазақ балалар әдебиетінің проза саласын дамытуға Тұрманжанов, Бегалинмен қатар М.Иманжанов, С.Омаров, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, т.б жазушылар айтарлықтай үлес қосты. Қазақ балалар әдебиетінде ерлікті (С.Бақбергенов, «Талғат», Қ.Қайсенов «Жас партизандар»), еңбекті (М.Сүндетов «Балық аулай барғанда» т.б) спортты (С.Бердіқұлов, «Жұмыр жерде теңбіл доп», оқу мен тәрбиені, ар-намысты, адамгершілікті, тарихи дәстүрді (Иманжанов, Н.Сералиев, М.Гумеров) дәріптейтін көркем повестер, романдар жазылды. Ғылым жетістіктерін бейнелейтін шығармалар туды. Қазақ балалар әдебиетінің  өрісі одан әрі кеңейіп, «Бөбектерге тарту» (1961), «Алтын күн аясында» (1963), «Балдырғанның базарлығы» (1965), «Жыл он екі ай» (1965 жылдан бері жыл сайын шығып тұрады). «Біздің кітап» (1967,1974), «Кел шырқайық, балалар» (1973) сияқты жинақтар басылып шықты. 30 – жылдардан бастау алған драматургия саласы дақазақ балалар әдебиетінде қызу қолға алынып,лайықты жалғасты. Жазушылар І.Жансүгіров, Ш.Хұсайынов, С.Омаров, Т.Ахтанов, Ш.Ахметов, т.б. – балаларға арналған алғашқы пьесаларын жазды. 50-жылдары Хұсайыновтың «Есәрткен ерке», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» пьесалары Республиканың жасөспірімдер мен балалар театырының сахналарында қойылды. 1960 – 70  Б.Ысқақовтың, Б.Тәжібаевтың, Қ.Ыдырысовтың пьеса, инсценировка жинақтары шықты. Қазақ балалар әдебиетінің ең қаулап дамыған кезеңі – 70 – 80 жылдарда балаларға және жастарға  арналған шығармаларды жариялайтын «Жалын» баспасы ашылып,баспаның жанынан республикалық жабық әдеби байқау өткізіліп,балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша игіәсер етті. Т.Нұрмағанбетов, О.Бөкеев, К.Ахметова, М.Қабанбаев, Н.Дәутаев, Қ.Омаров, М.Айымбетов, А.Асылбеков, Т.Сәукетаев, Ө.Ақыпбеков, т.б. ақын-жазушылар қазақ балалар әдебиетін жанырлық-көркемдік  тұрғыдан байытуға ерекше айтарлықтай үлес қосты. Бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда , 70 – 90 жылдардағы  балалар әдебиеті өмір шындығын қамту өрісінің кеңдігімен, шеберлік деңгейініңбиіктігімен ерекшеленеді. Мысалы шытырман оқиғы шығармалардың төмен сыныпоқушыларына арналған үлгілері (С.Жұбатыров, «Отты өткел», Н.Мұраталиев, «Жасыл көлдің құпия тұрғыны»), таңғажайып оқиғалы повестер (Жұбатыров «Алыстағы аралдар», Н.Мұраталиев «Ғажайып мекенге саяхат» балалардың қызығып оқитын шығармаларына айналды. Мұндай шығармалар өз кезінің өзекті әлеум.-моральдық мәселелерін балалардың ой – өрісіне, талғамына лайықтап, өрнектей білді. Әлімбаев, Мырзалиев, Молдағалиев, Е.Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен әрі қысқа, әрі нұсқалығымен, оқиғалылығымен танымдық мәліметтерінің молдығымен балалар үшін бағалы базарлық болды. Бұл жылдардағы балалар әдебиетініңмәселе қою сипаты да айрықша. Қ.Омаровтың,  Р.Әбілқадыровтың, Дәутаевтың, Н.Ақшевтың, С.Дүйсенбиевтың, Қ.Түменбаевтың, Ж.Қорғасбековтың, т.б  балаларға арналған туындыларында кейіпкерлер өздеріне етене табиғи ортада танылуымен бірге, заманымыздың көкей кесті мәселелеріне араласады, оны шешудін жолдарын іздейді.Қазақ балалар әдебиетінің әр кезеңінде әрқилы дамуына қоғамдық – әлеуметтік жағдай, тарихи-саяси талаптар шет ел әдебиеті әсер етті.

Қазақ балалар фальклоры – халық фальклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесі негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады.  Мазмұны ғибратты, тілі көркем, тез жатталатын, ғасырлар бойы халық даналығына, тәжірибесіне суарылған қазақ балалар фальклоры балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығармалардын қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, музыка әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие құралы болып табылады. Қазақ балалар фальклорының шығу тегі  мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арнап айтылатын  және балалардын өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпашт.б. шығармалар жырлар жатса, сонғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ,т.б. балалар өлеңдерің қамтиды. Сонымен қатар, қазақ балалар фальклорын ірі-ірі  төрт арнаға бөліп жіктеп қарастыруға болады. Олар: 1) Әлпештеу поэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да – ересектер. Ол жырлар сәбидін шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны бағып қағуға арналған түрлі  салт-дәстүрді сүйемелдейді, ата-ананың, қалын жұртшылықтын сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектін дені сау, ауру-сырқаудан аман,ширақ болып өсуімен қатар , ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқырату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі. 2) Жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардын орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан  кімдер орындайтынымен ғана ерекшеленбейді,поэтик құрлымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында  қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады. 3) Ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер(қалама, санамақ,т.б) мен өлең ойындарды(тәжікелесу,жаңылтпаш, жұмбақ,балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы,балалар фальклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілері болатыны сөзсіз, бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше көрінеді, оларды ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет, динамизім күшті. Ойынға шақыру өлеңдері,қаламақ, санамақ ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалардын ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кен тараған жұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады. 4) Балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардын прозалық фольклоры. Балалар күнделікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап,аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп жаттап,соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде ертегілердін алдынғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби жеткіншек жасындағы балалар ертегілердін барлығын игере бермейді. Ол балалардын жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардын прозалық фольклорының қатары оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді,себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады.

Балалар әдебиеті – балаларға арналып жазылған шығармалар. Сондай-ақ, арнайы балаларға арналып жазылғанымен, олардын ойлау,түсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер етіп, өзіне балаларды тартып көркем шығармаларды да балалар әдебиеті қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиеті – сөз өнерінін арналы бір саласы. Әдибеттін бұл түріне жататын шығармалар оқиғанын қызықты да, тартымдылығымен, композитциясының ширақтығымен ерекшеленеді. Тілі жеңіл, көркем, түсінікті, айқын әрі әсерлі болуы тиіс. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары : жас буынның сана сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту,оларды адамгершілікке,отан сүйгіштікке т.б. ізгі мұраттарға баулу. Балалар әдебиеті – балалардың эстетикалық талғамын дамытатын көркем шығармалар ғана емес, оның сырлас досы, қорғанышы және ақылшысы да болып табылады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *