Заманауи кітапхана – TopIQ -KZ

Айткалиева Жадыра Талгатовна

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,

Егіндікөл жалпы орта білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Білім – ғасырлар бойы жалғасып келе жатырған сарқылмас бұлақтай мол қазына. Уақыт өткен сайын әлем ерекше тез өзгеріп, білім көкжиегі кеңейе түсуде. Ақпарат көздері әлдеқашан өз арнасынан асып, миллиондаған адамдардың санасын жаулап алды. Тіпті ұлы адамдардың өзі де маңызды мәліметтерді зерделеп, өткені мен бүгінін сараптауға үлгермей жатыр.

Ақпарат ағымы вирустың жылдамдығындайлезде тарап жатқан қазіргі кезде дәстүрлі дерекқорлар өзектілігін жоғалтып, жылдам ескіруде. Тез меңгеруді қажет ететін ақпараттың көптігінен жаға буынның алдында нағыз мәдени қауіп «ұрпақтар сабақтақтастығын жоғалту» қаупі төніп тұр. Алайда адамзат тағы бір технологиялық прогресске қол жеткізді. Қолжазбалар мен классикалық кітапханалардың орнына цифрлық технологиялар келді. Top IQ- бұл интелектуалды білім беру платформасы. Адамдарға ыңғайлы уақытта дүниенің түкпір-түкпірінен кез-келген тақырып бойынша білім әлеміне саяхаттауға мүмкіндік береді.

Цифрлық оқулықтар платформасын қолдану оқыту үдерісінің ажырамас бөлігіне айналды. Мұндағы мақсат: электрондық оқулықтар платформасының дидактикалық, әдістемелік, технологиялық мүмкіндіктері арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру.

Қазіргі оқушы – сандық құрылғылардың еркін қолданушысы. Білім берудің жаңа моделі оқыту үдерісін, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын түрлендіруді қажет етеді. Осы орайды электронды оқулықтар платформасын күнделікті сабақта қолдануда қандай артықшылықтарын байқағаныма тоқталып өтейін:

Оқушының интернетте өткізетін уақыты танымдық үдеріспен алмасады;
Ойын арқылы оқытуды жүзеге асырады
Оқытудың жеке траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Платформадан біз қандай қызметтерді пайдалана аламыз?! Әрбір электронды оқулық оқу бағдарламасына, пәннің мазмұнына сәйкес құрастырылған. Түрлі интербелсенді тапсырмалар, аудио-видео тапсырмалар, анимациялар, шағын ертегілер мен мультфильмдер оқыту үдерісін қызықты ете түседі.

Платформадан электрондық оқулақтар арқылы мұғалім жекелеген топтарға немесе оқушыға арнайы тапсырмалар тағайындай алады. Сонымен қатар тағайындалған тапсырманың орындалу барысын қадағалай алады. Бұл үдеріс мұғалімнің сыныптағы оқу үдерісін тиімді ұйымдастырып басқаруға және өзінің уақытын үнемдеуге  мүмкіндік береді.

«Алматы кітап» баспасы әзірлеген «Top IQ электрондық оқулықтар платформасы» – оқыту, оқу және бағалау үдерісін тиімді жүзеге асырауға мүмкіндік беретін ең үздік цифрлық платформа.  

Вам может также понравиться...

комментариев 5

  1. Сапалы, сауатты жазылған мақала. Электрондық оқулықтардың білім беру жүйесіндегу маңыздылығын жақсы көрсеткен. Болашағымыздың жарқын болуына үлес қосып жүрген ұстаздарымызға мың алғыс.

  2. Камажай:

    Сәттілік

  3. Акнур Абилмажитова:

    👍👍👍👍

  4. Өте жақсы жазыылған

  5. Өте жақсы жазыылған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *