Тұрлаулы мүшелер
Мауенова Эльмира Ибратулловна
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 3
Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Мақсаты:
Білімділік: Тұрлаулы мүшелер жайлы мәлімет беру, сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың атқаратын қызметін анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу жәнеәдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қималы карточкалар, суреттер.
Сабақ барысы
І. Топтарға бөлу:
Конвертке салынған пішіндерді таңдай отырып топқа бөлінеді.
ІІ. Тыныштық сәті: Слайд 2
«Ғажайып бақ»
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Слайд 3
А) 58-жаттығу 75-бет .
Ә) «Ыстық орындық»
Б) «Сұрақ бізден, жауап сізден» «Конверт-сұрақ»
IV.Жаңа сабақ: Тұрлаулы мүшелерСлайд 4
60-жаттығу Сөйлемдерді оқы. Оның қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар?
Қар жауды.
Бүгін жапалақтап қар жауды.
Осы екі сөйлем арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
- Топпен жұмыс: слайд 5
61-жаттығу Сөйлемдерді оқы.
Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.
- Тұрлаулы мүшелерді тап.
- Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндіріп көр.
62-жаттығу Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
Балалар Ақлима әжейге көмекке келді қыздар үй тазалады ұлдар отын жарды Ақлима әжей балаларға риза болды.
- Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
- Мәтінге ат қой.
- Сергіту сәті: Слайд 7
Оқушылар «Аяқпенен топ-топ» қимылды биін билейді.
Топпен жұмыс: Слайд 8
63-жаттығу Мақалдарды жатқа жаз.
- Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
- Жаман жолдас жолда қалдырады.
- Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
- Мақалдардың мәнін түсіндір.
VIІ. Шығармашылық тапсырма:«Кім жылдам?»Слайд 9
65-жаттығу
- Сурет бойынша әңгіме құра.
- Әңгімеге ат қой.
VIII.Ойын жаттығулар: Слайд 10,11
- «Не істеді?» ойыны. Шарты: берілген суреттер бойынша сөйлем құрап айту.
- «Жануарлар қалай дыбыстайды?» ойыны. Шарты: берілген суреттер мен сөздерді сәйкестендіру.
IX.Үйге тапсырма және бағалау: Слайд 12
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Тұрлаулы мүшелерді,
Ұмытпай есте сақтайық.
64-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, мағыналық байланысына қарай ретімен жазу. Ертегіні әңгімелеп беру.
X.Қорытынды: Слайд 13
XI.Бағалау ағашы: Слайд 14
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып бағалау ағашына жапсырады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718