Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютер құрылғылары

Жаймағанбетова Гулзира Шомановна

Сабақтың мақсаты

Білімділік :Оқушыларды ДК-мен оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ –мен, ТЖҚ-мен таныстыру. Жан-жақты болуға, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Күтілетін нәтиже: “Компьютердің анықтамасын және компьютердің түрлерін біледі.

Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін процессорды, оперативті жадын, қатты дискті CD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (видеокарта) пернетақтадағы: Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін біледі. Сілтеме, негізгі дерек көздері Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар, бағалау парағы, МАН, Интернеттен алынған ақпараттар

Сабақтың барысы:

Оқыту түрі: Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Топқа бөлу Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Әсем – әдемі» тренингін өткізу.

«Өзіңе мақтау, мадақтау айту жеңілге түседі ме екен?»

Валюта (теңге, доллар, евро) арқылы топқа бөледі Мұғаліммен амандасады, Шеңберде дөңгелене тұрған әрбір оқушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қосып айтуы қажет.

Оқушылар таңдаған валюта арқылы 3 топқа бөлінеді. Топқа ат қойып, ұран құрастырады.

Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жұмбақ. Қазір сіздерге суреттер көрсетемін сол арқылы сабақтың тақырыбын болжап айтыңыздар. (Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды)

Сабағымыздың мақсаты ДК-мен оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен танысу және жұмыс істеу. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ –мен, ТЖҚ-мен таныстыру.

Білімді тексеру кезеңі

Білу

Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану. Блумның білу кезеңі бойынша үйге берілген тапсырма бойынша дайындалған сұрақтарды слайд арқылы ұсынады. Әр топ берілген ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді.

Бағалау: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Түсіну

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Келесі кезең түсіну кезеңі. Тақырып бойынша мәлімет беру. Презентация. Білетін ақпараттарына сүйене отырып, жаңа деректерді оқып, дербес компьютер туралы ақпараттарын кеңейтеді, қызметі, қолданылу аймағы туралы біледі, есте сақтайды. 5 мин

Қолдану

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар тапсырмаларды орындайды

Диалогтік оқыту Келесі кезең қолдану кезеңі. «Кубизм» стратегиясын негізге ала отырып ДК туралы бар білімдерін, ақпараттарын жан-жақты ояту.

Кубизм стратегиясымен жұмыс.

Әр топқа кубтың бір қабырғасындағы жұмыс тапсырылады.б/ Тапсырманы әр топ талқылайды, жазады. Кубтың 6 қабырғасы бойынша тапсырма береді:

1 айналым

1-топ Зерттеу.

2-топ Суреттеу.

3-топ Салыстыру.

2 айналым

1-топ Қарсы шық.

2-топ Оймен байланыстыру.

3-топ Қолдану. 1-топ Зерттеу. Қазіргі заманғы Дербес компьютердің негізгі сипаттамалары туралы мәлімет береді. Негізгі құрылғылары, олардың қызметі, өзара бйланысы ұғымын түсіндіру.

2-топ Суреттеу. Дербес компьютер мен оның құрылғыларын суреттеп шығады.

3-топ Салыстыру. Үстел үсті компьютері мен ноутбукты салыстырады.

1-топ Қарсы шық. Компьютердің әлсіз жақтарына (кемшіліктеріне) дәлелді пікір айтады.

2-топ Оймен байланыстыру. Компьютермен қандай жұмыстар жасауға болады? Пайдасы бар ма? Сол жөнінде ой бөліседі.

3-топ Қолдану Компьютерді қолдану аймаға қаншалықты? Ол тек мектепте, оқу орындарында ғана қолданыла ма? Сол жөнінде сөз етеді. 8 мин

Формативты бағалау. Жұлдызша арқылы бағалау

Сергіту кезеңі

Талдау

Сын тұрғысынан ойлау,

Дарынды және талантты балаларды оқыту Топтық жұмыс.

І топ “Компьютердің құрылғылары”,

ІІ топ “Компьютердің түрлері”,

ІІІ топ “ “Компьютерді пайдалану” моделін жасату, қорғату.. Топқа берілген тапсырма бойынша модель жасайды, қорғайды, дәлелдейді.

Формативты бағалау Әр топ өзара бағалайды.

Жинақтау АКТ қолдану Оқушыларға компьютермен жеке жұмыс жасауға тапсырма беру.

Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны» мәтінін теру арқылы Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін түсіндіру Компьютермен жеке жұмыс жасайды.

Бағалау Критериалды бағалау. Табыс критерийлері: жылдамдық, қатесіз, көлемі

Жинақтау

Рефлекция

Тақтаға плакатта көңіл – күйі бойынша күлегештерге стикерді іледі

  • Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
  • Өз бетіңізбен жұмыс тапсырмаларын түсіне алдыңыз ба?
  • Топпен жұмыс істеу ұнады ма?
  • Өз достарыңмен тақырыпты талқылаған түсінікті ме?
  • Маған бұл сабақ керек емес деп ойлайсыз ба?

Сабақтағы оқушылардың көңіл күйі смайлик арқылы көрсетіледі.

Бағалау

Формативты бағалау :Оқушылар тапсырмаларынан жинаған ұпайларын қосып, мұғалімге хабарлайды.

Оқушылардың өздері қойған бағаларын күнделік бетіне түсіреді. 1 мин

Үйге

«Болашақтың компьютері» тақырыбында эссе жазу 1 мин

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *