Қазақстандағы Қызғалдақтар
Қызғалдақ- лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Дархан даланың, көктеудің, қырдың және маусымдық қоныстың сәні екені белгілі. Қызғалдақ ол Жаратушының адамзатқа берген сыйы. Қызғалдақтар көктемде гүлдеп, кең жазира қазақ даласын ғажайып бір күйге бөлейді.
Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Соның ішінде 12 түрі эндемигі болып саналады. Ал Наурызым қорығында қызғалдақтың 4- түрі кездеседі. Атап айтар болсақ: шренк қызғалдағы, косгүлді қызғалдағы, жатаған қызғалдағы, биберштейн қызғалдағы. Бұл қызғалдақтың төрт түрі де “Қызыл кітап”-қа енгізілген. Сондықтан осы төрт түрі ерекше қорғауға алынған. Жұлуға рұқсат етілмеген. Егерде жұлынған жағдайда ҚР-ның Қылмыстық кодексі тарапынан жазаланады. Бұлардың биіктігі 3-50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.
Бір қызығы: екі жыл өмір сүретін бұл нәзік гүл көктем келіп, шуақты, шырайлы Наурыз айы туғанда, бар жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін гүл ашып тұрады. Қызғалдақты көбінесе 8 наурыз- халықаралық әйелдер мерекесіне орай сүйікті қыз-келіншектерге сыйлайды.
Қазақтың дархан даласынан тараған қызғалдақ ертеректе көбейіп, көпке қуаныш сыйласа, ал бүгінгі күні оның саны күрт азайып кеткен. Көз тартар керемет көркем қыр гүлін шамамыз келгенше жұлмай тамашалауға да болады. Сөз соңында айтарымыз қыр гүлінің ғұмыры ұзақ болғай демекпіз.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718