Қасым Аманжолов

Мейрамбек Кәусар Дидарқызы

 

 

Қасымды ешкімге ұқсата алмайсыз.Дәлірек айтқанда,Қасым ешкімге ұқсамайды, ешкім де Қасымға әлі күнге ұқсай алмай келеді.Қасымның асау рухы,бейнелік әлемі әрі өр,әрі кішіпейіл,әрі дана, әрі бала, сөз саптау, бейнелеу үлгілері бұған дейін қазақ поэзиясында ұшыраспаған қисапсыз жаңалықтар.
(Бекен Ыбырайым)

 

Ия,Қасым Аманжолов сияқты ерекше дарын иесінің мақсаты оның жеке шығармашылығынан да асып түсіп, өзгелерге ықпал етіп, дәстүр қалыптастыруымен де бағалы.Сондықтан біз Қасым Аманжолов сияқты ірі ақынның,дәуір суретінің шығармашылық жолын ұлттық сөз өнеріміздің тарихындағы үлкен құбылыс деп қараймыз.
Ақын жастайынан оң мен солын тануға шыңдап бет қойып,саналы түрде өлең өңіріне келген шағы 20-25 жастың шамасы дейтін болсақ,онда Қасымның ақындық бастауы 1930 жылдардың орта шеніне келеді екен.
Жырына дауыл мен желді,от пен жалынды, батырлық пен өрлікті өзек еткен тәкаппар ақынның шығармашылық болмысы да от пен өртке оранған соғыс шағында ақ алмастай жарқылдады.Ақынның майданнан бөлек өзі туралы жазған өлеңі ерекше әсер қалдырған еді.Өзім деген өзекке теппес дегендей Қасым Аманжолов өзі туралы өлең жолдарын өзінің өткен өмірін осы өлең арқылы келер ұрпаққа сыр айтып, өсиет қалдырып кеткен.
Қасым Аманжолов қазақ әдебиетіне,сол арқылы әлем поэзиясына көркемдік ойлаудың адамзат тарихында бұған дейін болмаған жаңа құбылыстар,тың толқыныстарды әкелді.Болмысты сезіну мен бейнелеудің, көркемдік тәжірибенің адамзатты байытатын жаңа типін тарту етті.Сондықтан Қасым Аманжолов -ұлы ақын,ұлы тұлға!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *