Журналист болғым келеді

Журналист болғым келеді. Бұл ой маған ғайыптан, не болмаса, ата-анамның қалауынан келген жоқ.«Журналист боламын» деген жалын оты бала кезімнен жүрегімнің түкпірінен орын алған болатын. Жүрек қалауымен журналист болуға шештім. Кішкентай күнімнен бастап, ойымдағының бәрін парақ бетіне түсіріп, көп кітап, өлең оқыдым. Теледидардан сөйлеп жатқан Жүргізушілерге олардың сөйлеу мәнеріне қызыға бастадым.

 

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

 

Еңбегің мен ақылың екі жақтап…» деп. Бойымдағы шығармашылық қабілетімді дамыта бастадым. Әрдайым әдеби тілді, сауатты жазуды. газет-журналдарды оқи отырып одан сайын Журналистикаға деген құлшынысым арта түсті. Әр адам кез-келген нәрсені өзі істеп көрмейінше үйрене алмайды. “Көз қорқақ, қол – батыр” деген өзімді шыңдау үшін әр түрлі байқауларға қатысып келем. Соның арқасында журналистикаға деген көзқарасым кеңіп құлшынысым одан сайын арта түсті Журналистика – қиын да, қызықты мамандықтардың бірі. Тапқырлық, шыдамдылық пен батылдықты қажет ететін мамандық. Дегенмен, қызығы мен шыжығы қатар жүретін қызықты мамандық та. Меніңше, журналист еңбекқор болуымен қатар, жауапкершілігі мол тіл жанашыры болуы тиіс.

 

Журналист – халық пен қоғам арасындағы алтын көпір секілді. Тек шындықты айтатын, әділдікті жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын білімді адам.

 

Адам мен қоғамды байланыстырушы көпір. Бұл мамандықтың қоғамдағы рөлі аса зор. Журналистика – күш, ашық пікір, шынайы мінез, тұңғиық ой, талғампаз көзқарас анық көрінетін бірден-бір мамандық. Қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын да сала. Қорытындылай келе: менің арманым – менің болашағым. Болашақта өз ісімнің шебері болып, өз саламның шыңына табан тіреп тұратын күнге де жетемін деген үміттемін. Сондықтан жігерімді шыңдап, арманымды алдыма үміт етіп, жүрек қалауымды жасадым. Мен журналист болғым келеді!

Болатбек Жансая: Foundation Enu students

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *