Жер аты – ғасырлар хаты

Жер аты – ғасырлар хаты

Кенжебай Байкен Сәкенұлы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Жетекші:

Исах Жұлдыз Ержігітқызы

Адамзат баласы шыр етіп дүниеге келісімен өзінің туған жеріне кіндік қаны тамып, тоқтаусыз да, тұрлаусыз мына фәниге бас қойып араласа кетуі қалыпты жағдай.Осы қалыптасу жолында санасы оянып, таным көкжиегін ашары хаһ.Бұл эволюциялық тұрғыдан жанды құбылыс.

Қазірге сәтте тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асып жығылыпты, бірақ әлі де елімізде шешуін таппаған мәселелер көп-ақ, соның бірі де бірегейі жер-су атауларының құлдық сана күйінде өзгермеуі деп білемін.Толғағы жетіп шешілмеген бұл мәселе мені ғана емес көпті толғандырары сөзсіз.К.Г.Паустовский “Жер атаулары дегеніміз – халықтың мінез-құлқы, тарихы,ой аңсары мен тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы сыр шертеді” – деген екен, яғни тарихи ес  үзілген жерде рухани тіршілікте үзіліс табары сөзсіз.Біздің заманымызға дейін талайлаған жаугершілік жорықтар, отаршылдық, саяси-әлеуметтік жағдайлардың барлығы да дерлік қазірге біздің мәселе етіп қарастырып отырған тақырыбымызға басты себеп. Географиялық атаулар белгілі-бір физикалық-географиялық жағдайда адамның күнделікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына байланысты қалыптасып және дамып отыруы мүмкін. Атаулардың белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап өткен.Тарихқа көз жүгіртсек Түрік қағанатынан сыр шертетін Орхон-Енисей жазба ескерткішіне қашап жазған елді-мекен,жер-су аттары тікелей ана тіліне тисілі екенін аңғарамыз.Мысалы, Інжу өзен – Сырдария, Темір қақпа – Келес өзеніне қатысты аумақты атап көрсеткен және де көне түркі тілінде Тангритағ аталған тауды қытайшалап Тянь-Шань етіп құлаққа сіңіріп жібергенін бірі білсе, көбі біле қоймайтыны жасырын емес.

Ғылыми терминде Топонимика сөзі жиі кездесіп жатады,ара-жігін тарқатып айтар болсақ “Жер-су, елді-мекен атауларының шығу тегі мен пайда болуын,этимологиясы,мағынасы, құрылымының дамуын, таралу аймағын зерттейтін құрамдас бөліктерден тұрады.Топонимиканы елімізде болып өткен жорықтар бойынша,зерттеушілік обьекті ретінде жаугершілік топонимика,отаршылдық топонимика ретінде қарастырсақ түсінікті болады

Тақырыбымызға тұздық ретінде жаугершілік топонимиканы жай-жапсарын айта кетсем.Негізінде қазақ даласына жаугершілік заманнан қалып қойған,тіпті 10 ғасырға жуықтап қалған отаршылдық топоникалар әлі бар.Бірсыпарасын атап өтсем:моңғол шапқыншылықтарынан естелік ретінде қалып қойған 217 топонимикалық атаулар кездеседі.Қазақтың маңдайына біткен кесек тұлғасы Абай Құнанбайұлының туған жері Шыңғыстау және Қарауыл өзені моңғол шабуылдарынан қалған топонимдер.Мұны М.Әуезовтың атақты эпопеясы “Абай жолында да” кеңінен таратылып айтылған.Олардың көбі Шығыс пен Оңтүстікте өңірлерінде сақталып қалған. Ал бертін келе қалмақ шабуылдары нәтижесінде енген атауларға Нарынқол, Тарбағатай, Сайқан, Боралдай, Зайсанды жатқызамыз. 1758 жылы Цин империясы Шығыс Түркістанға шабуылдап, басып алуы нәтижесінде байырғы атауды халық ойынан ұмыт қалдырып, ол жерді Синьцзян (Жаңа шекара) атаған. Мұны біз “шүршіт қырылған” атауымен жақсы танимыз,бұлда болса микротопонимдер қатарына жатады.

 Отаршылдық топонимика Патшаға анттың беруімен бастасақ әсте қателік болмас.Бұл кезең қазақ үшін “Жеті ата – жеті ұрпақ” ауысқанға дейін ұмытылмасы хаһ.Әрине мен қазақ қай кезеңде де болмасын бас көтере алмай,еңсесі түсті деген келте ойдан аулақпын, бірақ әлі күнге дейін отарлық саясаттың иісін аңқытар атаулар бары қынжылтпай қоймайды.1899 жылы жарық көрген “Түркістан ведомосы” басылымында жер-су атауларын қоюдағы мақсаты айқын көрсетіледі, онда “Жергілікті тұрғын-жайларды орысшалау кейде үстемдік етуші халыққа жергілікті тұрғындардың сіңісіп кетуі үшін өте пайдалы себеп” – деп көрсеткен екен.

Географиялық атауларды қоюда орыстар мынандай критерийлерге сүйенген: 1. Патша, князь, генера-губернаторлар 2. Прославтық дінбасы, еңбегі сіңген миссионер, шіркеу аттары т.б. 3. Отарланған аумақтарды калькалау (көшірме) арқылы қалдыру. 4. Романовтар әулетіне қатысты “Ново” сөзін жалғау арқылы атаулар қою болды. Енді пікірді қуаттай түсу үшін мысал келтіріп өтсем: 1.Қазіргі кезде барлығымыз білетін Алматы қаласының бұрынғы атауы Верный болатын, себебі Омбының генерал-губернаторы Гасфордтың қызы Вераның атымен тікелей қатысты.Алғашында қала Верина аталса 1867 жылы Верный етіп өзгертілген. Павлодар қаласы болса Гасфордтың бастамасымен 1861 жылы II-Александр патшаның баласы Павелдің 1 жасқа толуымен қойылған. 2. Дін жолындағы еңбек еткендер үшін Сырдария және Жетісу облыстарында 159 елді-мекен атауы берілген. 3.Калькалау дегеніміз – қарапайым тілде өзге тілден,ана тілінде тікелей мағынада қарастыру, көшіру. Мысалы, Ақсу – Беловод, Көкшетау – Синеогорье, Балықшы – Рыбачье атануы жатады. 4.Династиядағы адам құрметін Ново-Алексеевка, Ново-Николавка атауларынан аңғару қиын емес. Қалай десекте жер-су аты арқылы үлкен саяси құйтырқылық ұйымдастыру болатынына біздің көзіміз жетті.

Жоғарыда баяндалған ой-пікірді тұжырымдап, қарар болсам: 1)Отаршылдық, тоталитарлық жүйе кезіндегі атаулар сөзсіз өзгертілетініне сенемін,себебі бұл уақыт пен заман талабы.2)Қала, аудан, ірі ауыл-аймақ атауларының жергілікті қайраткер немесе еңбегі сіңген өнер иелері атымен байланыстырушылық бар, негізінде мұндай атаулар микротопонимдерде жиі кездеседі көше, мектеп, түрлі орталық орындарын атауда.Бұл жылдар бойы қалыптасып келген тарихи есімізден айырылдыруға сеп болады.

Қорытындылай келе елімізде қаланың 28-і,ауданның 107-сі,қалалық аудандардың 32-сі,аудан орталықтарының 130-ға жуығы орыс тілінде самсап тұр,бір қуанарлығы бұл статистика жәймен болсада жаңарып келетіні. Карлейль ойшылдың : “Ұлт жансыз пластилин тәрізді, ол белгілі бір уақытта шебердің қолына түспесе мәңгі пішінсіз,жансыз күйінде қала бермек” – деген. Кейбір ұлт ел басқаруға лайықты, рухани мықты тұлғаның илеуіне түссе қалса, енді бірі керісінше рухы төмен,жігерсіз,салы суға кеткен адам тарапынан күн кешуге мәжбүр болады.Ал енді осындай екі басшының қол астында, ел тізгінін беру,сеніп тапсыру, ол халықтың рухани, ар-ұятына байланысты.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *