Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазу

Қазақ поэзиясының бағына жаралған ақын – Касым Аманжолов. Ол-қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы.
          Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен өзім сиякты оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын. Қазіргі таңда қара танитын кез-келген адам нақыл ретінде пайдаланатын «Мектеп – кеме, білім – теңіз», «Балалар – біздің болашақ» деген қанатты сөздер ең алғаш рет Қасымның дуалы аузынан шыққанын біреу білсе, біреу білмейді.
         Қасымның ордабұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да, батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жансерігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді.Сондай шығармаларынын қатары “Құпия қыз”, “Бикеш”, “Акын өлімі туралы аңыз”.
         Қ. Аманжоловтың ” Акын өлімі туралы аңызындай” күшті де қуатты поэма жазылған емес. Бұл-соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың шоқтығы биiгi. 
         Бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсаржігіт . Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау «Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз» деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетуменб олады.
Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: «Жау қоршауында жалғыз қалып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады», – деп жазды.
          Абдолла Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді:
Күллі әлемнің ашу кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек! – деп шамырқанады. 
Көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.

Ала алмайсың! – деді ер ұлан,
Алмай қойман! – деді жауы.
Қысты келіп жан-жағынан
Темір торлы жау кұрсауы.
Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолынат үскеннен ерлік өлімді артық санайды:
Кел бері өлім, күйіңді шерт? 
Менің адал жүрегімді
Жау алмасын, сен алшы өрт. 
Хош бол, енді, туған елім!-деп, ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды
           Абдоллаға ұксайтын өз аймағымдағы адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы-Бауыржан Момышұлы атам.Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмірбойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі Касым ағамыздың шығармасымен іспеттес.
        Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық деп ойлаймын.
Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

         Мен тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмын. Осы күндерді сыйлаған, ел ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, зұлмат соғыста қаза тапқан

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *