9 санын қосу, азайту
Тайтурова Маржан
Сабақтың мақсаты.
Білімдлігі: 9 –ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқуға, еңбекке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, сандардың қасиеті жайлы үйренуге, ойын ашып еркін айта білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: есепке берілген суреттер, көбейту таблицасы
Түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, биология,
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, топпен жұмыс
Барысы. Ұйымдастыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Үштік. Төрттік. Бестік.
Қызығушылығын ояту. «Жемістер тереміз» ойыны.
Тақтада жемістердің суреттері көрініп тұрады. Әр топтан 2 оқушы таңдаған жемістерінің артында жасырынған мысалдарды орындайды. Әр дұрыс жауап үшін 1 фигурадан (әр топтың атына сәйкес, үшбұрыштар тобына — үшбұрыштар т.с. с.) беріледі.
5+3 5+4 3+5 5+5 1+5
4+5 4+4 2+4 3+5 5+4
Жаңа сабақты түсіндіру.
1+9 = = 10-9 = 9+1 = 10-1 =
Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Қосындының мәнінен қосылғыштардың біреуін азайтқанда екінші қосылғыш шығады.
Дәптермен жұмыс..
Есеп шығару. №3 есеп.
Сұрақ – жауап.
Есеп не туралы?
Не белгілі?
Не белгісіз?
Белгісіз туралы не айтылған?
Аққу — 7
Қарақу — ? 2 – еуі кем
Шешуі: 7 – 2 = 5 Жауабы: 5 қарақу.
Сергіту сәті.
«Жауабын тап» ойыны. 1+9 = 10-9 = 9+1 = 10-1 =
Қорыту. Сұрақтар.
Бүгінгі сабақта не өттік?
1 –ге 9 –ды қалай қостық? 9+1= 10
10 – нан 9 – ды қалай азайттық? 10 — 9= 1, өйткені 1+9 = 10
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. 4- мысалды дәптерге орындау. Кестелерді қайталап жаттау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718