Бала арман

Тірі жан иесі түнгі ұйқының алдында сан қиялы ойлыларға шомылады. Көзің әп сәтте жұмғанда, миға автоматты түрде “арман” дабыл береді. Арманымыздың туындауы жан дүниеміз боп-бос қурап, солып қалған гүл секілді сезінгенде туындайтын сезім. Арман — адамға қанат. Сол бір сезімді “армандау” арқылы көңіл-күйді басқарып, өз-өзіне күш-қуат, қайраттылық пен төзімділік береді. Пәрменсіз адам болса да,
Армансыз адам болмайды. Өйткені, адам баласының миы толыққанды дамығанда яки, бала кезінен армандай бастайды. Баланың жаны ойыншықтардың түр-түрін, саябақтар мен ойын аландарын, тәттілер мен сүйікті тағамдарын немесе супер қаһарман, мультфильмнің бас кейіпкері болуды аңсап, қиялдау арқылы армандай түседі. Бала есейе түсіп, армандары өзімен бірге өседі. Ересек кезінде өзінің нақты мамандық иесі, тұрақты жұмыс, бизнес орталығы, отбасын құру, саяхаттау сынды нақты армандай бастайды. Ересек адамның баладан айырмашылығы, өзінің арманын мақсат етіп, оған жете алады. Әрине, балалар да өз армандарын ересек өмірге жеткізіп, оны жүзеге асырады, бірақ бұл өте сирек кездесетін жағдай. Себебі, ересектер өздерінің армандарын шындыққа айналдыра бермейді. Көптеген жағдайларда армандар арман болып қала береді.
Не себепті? Өйткені адамдар бір-бірінен қорқады. Біреу сәтсіздіктен қорықса, біреу үшін қоғамдық пікір маңызды яки, мен бастамай алмаймын, ел-жұрт не дейді, біреу мазақтап, сын астына алса ше? деп ой-қиялға шомылады.
Сонымен, арман дегеніміз не? Кейбіреулер үшін бұл мақсат, оған қол жеткізу арқылы адам өзімен үйлесімділікке ие болады, ал басқалары үшін бұл олардың тереңде сақтайтын және сыртқа шығарудан қорқатын ең жақын тілегі.

Орындаған: Жолдасова Қарақат

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *