“Қазақстан мұғалімі” газеті

 КОКЕЕВА Нұрханым

Журналистика факультетінің 

1-курс студенті

«Қазақстан мұғалімі” атты газеті алғаш 1935 жылы “Төте оқу” атпен, 1939 жылы «Салауатты болуға көмекші», одан кейін «Жаңа жазу» деп шыққан болатын. 1952 жылы ғана газет атауы “Қазақстан мұғалімі” деп өзгертілді. Газет аптасына бір рет шығып тұрған.

  Аталмыш газет сауат ашуға, сонымен қатар мұғалімдерге қосымша құрал ретінде қызмет атқарды. Бірақ уақыт өткен сайын, заман өзгере газет бетіндегі басылымдарда өзгеріп отырған болатын. Тек басылымдары ғана емес газеттің өзінде де өзгерістер еніп тұрған. Мысалы айта кетсек, бастапқы кезде газетте айдарлар болмаған еді. Тек қана басылымдардың өздері болды. Газетте қызықтырарлық ештене болмады. Бірақ, уақыт өте айдарлар да шығарыла бастады.

  Сонымен қатар газет 1952 жылы екі тілде, яғни қазақ пен орыс тілінде  шығып тұрған. Қазақшасы “Қазақстан мұғалімі” газеті болса, орысшасы “Учитель Казахстана”. 1956 жылдан бастап газетте бірнеше бөлімдер шығарыла бастады. Оған: “Партия”, “Мектеп”, “Ғылым және әдебиет” атты бөлімдерді айтса өтсек болады. Бұдан бөлек автордың мақаласына қарай айдарларда шығарвлвп отырды. Мысалы, педагогикалық кеңес өтсе «Мұғалімдердің январь кеңесінен» деп, жаңа айдармен жарияланып отырған.

  Аталмыш газетте тек сауат ашуға ғана емес, мұғалім мен шәкірт арасындағы сөйлеу мәнері, әдеп туралы мақалалар да шыққан.

  “Қазақстан мұғалімі” газетінің қазіргі мақалаларын қарастырайық. Мақалаларын оқысақ, газеттің бұрынғы бағытынан ауыспағанын байқай аламыз. Әдеттегі мектептегі жаңалықтар, оқушылардың шығармашылығы, ұстаздарды құттықтаулары және тағы да басқа осы тұстағы мақалалар. Шыны керек, газетте айтарлықтай еш өзгеріс жоқ. Газетке қызықты ешқандай дүние қосылмаған. Бірақ, ерекшеленетін газеттердің біреуін айта өтсек ол “Әкім араласпауы тиіс” атты мақала. Бұл мақалада мектеп директорларын білім беру басқармасы сайлайтынын, бірақта соған қарамастан оған әкімдердің араласатыны жайлы сөз қозғаған.

Жалпы айта кетсек, “Қазақстан мұғалімі” газеті әліде тереңінен зерттеуді қажет етеді. Деректерге сәйкес қорда тек 1939 жылғы номер сақтаулы.

Қосымша әдебиеттер

  • kk.encyclopaedia.kz сайты;
  • el.kz;
  • baqmedia.kz;
  • egemen.kz.
  • Қазақ журналистикасының тарихы(1870-2008 жылдар)./Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы,Ф.Оразаев.
  • Т.Қожакеев «Сатира негіздері»
 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Нұрайым:

    Саламатсыздар ма? Осы газеттің 1989 жылғы сандары ғылыми зерттеуім қажет еді. Қайдан алсам болады екен?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *