“Арман жетегіндегі өсиет”
Елімізде қазақтың мұңын мұңдайтын, жоғын жоқтайтын басылым аз болмаған. Соның бірі емес, бірегейі, шоқтығы биік, өткен ғасырдың І-ші ширегінен бері жарық көріп келе жатқан, алғашында «Кедей» болып жарық көріп, көптеген жылдық эволюцияның күшімен сан өзгерген, менің туып өскен, өз өңірімнің, туған жерімнің шоқтығы биік, Ұлы басылымы- «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газеті!
Соғыстың алдында ғана осы өңірде орын тебе бастаған өндіріс алыптары —Ақтөбe феррoқорытпа зауытының құрылысы, Алға химия комбинатының, aртельдердің жұмысы жан-жaқты жазылып, өндірістегі екпінділердің іс-қимылы қалың көпшілікке үлгі етіп таратылды. Дaңқты тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің іс-тәжірибесі де осы кездері әйгіленіп, стахановтық қозғaлыстың ерлeрі гaзет бeтінде үзбей мaрапаттaлып жатты. 1941 жылы Ұлы Oтан соғысы бaсталғанда барлық ер-aзаматтар сияқты газет қызметкерлері де түгелге жуық майданға аттанды. Солардың ішінде Абдoлла Ерназаров, Aхмет Ескендіров, Қонысбай Ерғарин сияқты белгілі журналистeр майданда ерлікпен қаза тапты. Газетте «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жeңіс үшін!» айдары тұрақты орын алды. Гaзет бетінде сoл тұстарда тұрақты көтерілген мәсeлелердің бірі oблыс тұрғындарының майдан қоры үшін oблигацияларға жaзылуы еді.
«Қарты бар үйдің-қазынасы бар» демекші мен бұл газетті өзімнің атам арқылы білдім, ес білгелі атамның сондай сауатты, үйге келген әрбір басылымды түптеп, ұқыптап, шаң басқан сөресіне жинайтынын байқап өскенмін, тіпті әлгі сөреден өткен ғасырдың «Жұлдыз» , «Коммунизм жолы» ( «Ақтөбе» газетінің 1965 жылы қойылған аты), «Шолпан», «Коммунист» сынды басылымдары табылатын, табылмақ түгілі санында шек болмайтын.
Ауылдың қайнаған тіршілігіне орын тепкен бізге әрине, газеттің жетуі қиын, сол тұста атам «Ақтөбенің» бір саны кешігіп жатса, өзі поштаға барып сұрап, бір дамыл таппайтын. Соны көріп өскен бізге әрине, газеттің иісі сіңбейді ғой деймісің? Атам «оқыңдар, біліңдер» деп, біз үшін де әртүрлі балаларға арналған, танымдық журналдарға жазылатын, басында «Айгөлек» пен «Балдырғандардың» тек мұқабасындағы суреттерге қызықтап қарайтын болсақ, кейін өзімізде асыға күтіп, қызықты оқиғаларын жарыса оқитынбыз, есейе келе аталмыш газеттерге өзіміз де мақала жариялап, өлең арнайтынбыз!
Сонау екімыңыншы жылдардың басы, 7-жасымда, әліппемен енді қоштасып, мектептің екінші сатысына аяқ басқан шағымда «Ақтөбеге» алғашқы мақаламды жариялаппын, мақала деуге келмес әрине, сөзжұмбақ десем дұрысырақ болар ау-сірә?! Оны жақында ғана тауып алып, ішімнен «Ее, Ақбаян осы салаға келеріңді сәби шағыңнан сезген екенсіңғой!»-деп, алған сөреме қайта салдым.
Солай балалық шағымызды еңсеріп, біз де көкейтесті мәселелер мен қоғамдық-саяси проблемалар жазылатын газеттерді аңсайтын болдық, бір жазда тіпті қызыққанымнан Тілеу батыр көшесіндегі 10-үйге табан тіредім, ол дегенім сол тұстағы аталмыш басылымның Отаны, нақтырақ айтқанда мекен-жайы болатын, ол кезде менің басымда асып бара жатқан білім де, қайнап сарқылып жатқан практика да болмаған, Құдай айдап бардыма білмеймін сол үйдің есігін қақтым.
Есік артынан мені қайнаған тіршілік қарсы алды, бәрі бір-бір құрылғымен әлек, енді бірі үлкен-үлкен камераларын алып, есіктің жанында тұрған мені итере, асығыс шығып барады, аяндай басып көзіме бірінші түскен адамның арқасынан қақтым…
Дәл сол мезетте ондағы бірнеше қызметкер еңбек демалысына шығып барады екен, темірді қызған кезде соқ демекші мен де, үстінен түсіп, «Мәдениет және әлеуметтік сала» бөлім меңгерушісінің көмекшісінің орнын бастым. Өзім қосымша алдағы болашақ оқу орнымда болатын емтиханға да дайындалып, онымен қоса сан мақалаға қарап, ойым сан-саққа кететін. Бар білетінім адам практикамен ғана шыңдалады деп емтиханға дайындығым тежеліп қалса да, өзімді осылай жұбататынмын. Редакторлардың, сол жердегі тынбай қызмет ететін тілшілердің өмірін бақылап отырып, ішімнен «Ақбаян, сенің де осылай отыратын күнің алыс емес» деп өзіме мотивация беретінмін.
Сол редакцияда өткен бір жарым айда түрлі қызықтарға куә болдық, тіпті бізге хабарландыру ретінде жоғалған сиырын іздеп те хат түсетін,қызық иә? Ол да біреудің шешілмей жүрген түйіні болса да, біз қоғамдық-саяси газеттің тізгінін ұстағандықтан ондай мақалалардың газет бетінен орын табуына жол бере алмадық.Жазған адамға шағын хат жолдып, баса алмайтынымыз үшін кешірім
Алғашқы күндері өте қызық болды, неге десеңіз маған өңдеуге берілген бір санына мен өзімнің салғырттығымның кесірінен бірінші бетіне жазған мақаламды ортасындағы бетіне қайта жазып қойыппын, редакция ішек-сілесі қатқанша күліп, кейін бәрін ретке келтіріп берді, сол кезде маған бөлім меңгерушісі Гүлжан апайдың айтқан сөзі әлі есімнен кетпейді: «Нағыз журналисттің көзі қырағы, ойы ұшқыр, саусақтары күн сәулесінің жерге жету уақытынан да (сегіз секунд) тез болуы керек»деген болатын, дәл осы сөз менің сықырлаған сүйектерімнен өтіп, өмірлік ұстанымыма айналғандай. Бәрімізге белгілі шетел ғалымы Элиас Канетти «Қазіргі дүниенің ең ақиқат əрі ең қорқынышты бет-бедері – газет»-деп айтып кеткен екен,шынында ауыр жолдардың бірі болса да осы салаға тоқтам қылдым. Бұл газетке келуім,журналистика саласына бет бұруым негізінен өз арманымнан бөлек, атамның өсиеті болатын, өле-өлгенше менің құлақ-құрышыма «Балам сен өзің өлең жазасың, кіші күніңнен әдебиет пен қазақ тіліне жақын болып өстің, мақала десең, оны да газетке беріп жүрсің, мына ішіңдегі жанып келе жатқан отты өшіріп алма, мен болашақта сенің жазған мақалаларыңды «Егемен Қазақстаннан» көргім келеді»-деп тұспалдап мен үшін осы журналистиканың қайырлы болатынынан ұғындырып кеткендей. Алайда, ол кісі менің білікті маман болуым тұрмақ, менің оқуға түскенімді де көре алмады, мен енді атамның маған деген сенімін ақтау үшін, қазақ журналистикасында шоқтығы биік маман болып қалыптасуым үшін барынша, аянбай еңбек етемін.
Ата, мені көктен бақылауды ұмытпа, жақында балаң «Егеменнің» редакторы болады!
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ғаламтор көзі/ https://aqtobegazeti.k
- «Ақтөбе» газетінің 30.04.2014 жылғы саны/ Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ мақаласы.