“Түркістан” газеті

 

«Turkistan”- халықаралық газеті 1994 жылдың, 28 қаңтарында тек 4 бет қана болып шықса, қазіргі таңда ойып тұрып орын алар басылымдардың бірі.Газеттің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы. Газет аптасына 1 рет, бейсенбі күні шығады. Апталық тираж – 5000 данадан кем емес. «Түркістан» басылымының онлайн нұсқасы кириллица, латын және араб тілдерінде жұмыс істейді. Республиканың барлық облыстарына, оған қоса Ресей Федерация және Қырғызстанға да тарайды.Қазіргі  “Turkistan” апталық газеті оқырманды өзінің өтімді сұхбатымен,зиялы “Руханият”, маңызды “Жаңалықтар”айдарларымен оқырман бетін бері қаратуда. Мысалы: “Харекет” қайырымдылық қорының негізін қалаушы Гүлмира Мұрханқызымен ауыз толтырып айтарлық сұхбат өрбіткен екен редакция тілшісі Эльмира Жақсыбай. Бүгінде бұл қайырымдылық қоры туралы көбі біледі. 2017 жылы құрылып, ресми түрде тіркелген ұйым өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға, үй-күйсіз жүрген, ата-анасынан айырылған балаларға, қарттарға, жалғызбасты аналарға көмектесіп келеді. Осылайша, қайырымдылық қоры бес жылдың ішінде 800-ден астам отбасына баспана сыйлаған. Қордың негізін қалаушы Гүлмира Мұханқызы бұл игі іске халық зор үлес қосып отырғанын айтады. Бұның өзі оқырмандарды игі іске жетелеп, қазақтың бір-біріне деген бауырмалдығын оятып, жанашыр болуына әкеледі. Келесі, бойға рухани күш беретін айдар “Руханият”. Соның ішінде көзім шалып қалған мақала “Құрманғазының күйлері жайлы мультсериал”. Яғни қазіргі таңда күйге, жырауға,кітапқа қызығушылығы жоқ жасөспірімдеп мультсериал арқылы тарихымызды жеңіл түсініп, ең бастысы қызығушылықтары оянады. Бір қуантарлығы осы, заман дамыған сайын, ұрпағымызды барлық сала жағынан үздік ету үшін замандастар тырысып жатыр. Менің ойымша, ол редакция қызметкерлерінің өзіне жүктелген міндеттерін адал атқарулары. Оған дәлел жоғарыда атап өткендерден бөлек, ең бірейгейі Ақорданың ресми телеграмм каналында Президентіміз  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың оқитын басылымдар тізімі жарияланғаннан біле берсек болады. Яғни, аталған газеттердің ішінде біздің саяси апталық газетіміз “Turkisrtan” бой көрсетті. Сонымен қатар,  2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Turkistan халықаралық газеті жинағының таныстырылымы өтті. Бұл жинақ қазақ баспасөзін толық зерттеушілер мен студенттер үшін ең керекті көмекші құрал екендігі аталып өтіп, газеттің бүгінгі таңдағы сапалы өзгерістеріне жиналған қауым оң баға берді. Оған қоса, газет Үркер-2021 «Жылдың үздік газеті» номинациясымен марапатталды. Бір сөзбен айтқанда, қазірге таңда тыңбай еңбек етудің нәтижесінде газет басылымы арқасын кеңге жайып,басын тік көтеріп жүретіндей дәрежеге жетті.

Бұл газетті зерттей келіп, түсінгенім басылымның басты ұстанымы – Қазақстан республикасының саяси-мәдени, экономикалық-әлеуметтік дамуына өз үлесін жеткілікті деңгейде қосу. Және де ешқашан өз жұмыстарын тоқтатпай,әрі оң көзқараста болу.




                                                    Амина ТУРКАШ

                                            Журналистика факультеті

                                                 1 курс студенті



Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *