Халықтың ұстазы-“Мұғалім”

Орындаған:Жеңісбекқызы Аягөз.

Тобы:102

   

    Халықтың ұстазы-“Мұғалім

 

Иә,тал бесіктен жер бесікке дейінгі аумақты қамтып жатқан қазақ даласының аталмыш хабаршысы бірден-бір газет пен журнал еді.Сонау қилы заманда қазаққа жол сілтеп,жарылқаушы бола білген бұл-Қазақ баспасөзі еді.

Баспасөз-бұл халықтың жанашыры десем қателеспегендігім.Себебі,қарайған қара халықтың көзін ашып,жаңа тың ақпараттармен бөлісіп отырған да осы- үлкен әріппен жазылуға лайықты “Қазақ Баспасөзі”еді.

Адамдардың санасына жаңа ашылымдар мен ақпараттарды жеткізе білген журналдар қаншама.Соның бірі және бірегейі “Мұғалім”журналын тілге тие кетпекпін.

“Мұғалім” тұңғыш қазақ-совет журналы.

Журнал бүкіл қазақ халқына, халық ағарту қызметкерлеріне арналды. Ол Ұлы Октябрь революциясының идеясын, Компартия мен Совет ұкіметінің ұлт саясатын насихаттады, Қазақстанда оқу – ағарту ісін жолға қою және ұлттық әдебиет пен мәдениетті өркендету жайларын әңгімеледі, педагогика мен тәлім тәрбие мәселелерін көтерді.Осындай айрықша журналдың редакторы: Ғабдолғазиз Мұсағалиев еді.

Заман талабындағы небір қиындықтарды жеңе білген журнал,ел тағдырына біршама үлесін қосты.Сол заманда ұлт тағдыры қыл үстінде тұрған шақта қыз баласының теңдігін айтып шырылдаған бірден-бір журнал осы.

Оған дәлел: З.Зұлқайыровтың “Құдалық”әңгімесінде қазақтың мәдениетін басқа елмен салыстыра кетеді.Онда”мәдениетті жұрттарда қыз бен жігіт бірін-бірі сүйіп қосылады,ал қазақта қалың малмен”деп өзінің ащы өкінішін білдіреді.”Кеңес өкіметі кезінде қалың мал жойылды,қыз бен әйелдерге шын бостандық берілді”,деп қорытындылайды.

Ал журналдың саяси бөлімінде “Қазақ халқының оқуы”деген мақалдарда бұрын “Қазақ өзінің балаларын орыс-қазақ мектебіне шын ықыласпен берсе,патша үкіметінің миссионерлері оларды христиан дініне кіруге зорлап,дін жолында тәрбиелейді”,-дей келіп автор:”Енді таң атып келеді,өнер-білімге жетеміз”,-деп жазды.

Менің ойымша,осыдан ақ журналдың ғылыми-педогогикалық және әдеби журнал екенін байқай аламыз.

Қорытындылай келе:заман талабының ащы шындығына негізделген журналдың мақалалары халыққа айтарлықтай ой сала білді деп ойлаймын.Осындай есімі өшпес ерен журналдардың сол заманда болғандығы ішімді жылыта түседі.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:”Мұғалім”журналы сол замандағы өзінің міндетін толық атқара білді.Өйткені баланы оқытуға,қазақ мәдениетіне,ілім-білімге,қыз бостандығына,оқу-ағарту мен жаңа жаңалықтарды жеткізуге негізделген журналдың еңбегі еш кетпеді деп сөзімді түйіндеймін.Сондықтан да қазақ баспасөзіндегі “Мұғалім”журналының аты айтып тұрғандай, халқына ұлағатты ұстаз бола білгеніне сенімдімін!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *