ЖАСТЫҚТЫ ОТЫ ЖАЛЫНДАА….

«Жастықтың оты жалындап…»

Әлемде кез келген бәсекеге қабілетті елдің, өзге халыққа қарағада терезесін биік етер өзіндік бір ерекше топ бар. Ол қоғамдық жүйе мен жаңа бір билік , өзгеріс орнататын жалындаған – рухты жастар күші болып табылады. Адамның бар ғұмыр қайраты, тасқын болып таралатын  бойдағы күші, осы бір жастық шақта ешкімге бергісіз, құдды бір шегі арна сынды  тасып жатады. Ал осындай адам ғұмырының бүр жаратын шағын біз орынды пайдаланып, тасқын күшімізді орынды қолданып жүрміз бе, жастық жүректің желпінген күшін қайда жібереміз соған тоқталайық…

Сіз бен бізге, тіпті күллі әлемге аты мәшһүр Абайдың өзі:  «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп ғұмырының бір өкінішін, жастық шақтағы сәттермен байланыстырады. Бұл 19 ғасыр тұлғасының іштегі өкініші болса, ал қазіргі жастардың бойжағы күшін тасқын айналдыра алмай, өмір тасқынына бойлай алмай жатқаны да жоқ емес. Оған себеп, өскелеңдік жүректе арман мен бекем мақсаттың «елдік» деңгейде болмауы. Шын туайтына келгенде кез келген адамның жас жүрегінде бейсаналы түрде қалайтын дүниелері болады. Егерде адамның болашаққа деген мақсаты елдік мұратпен ұштаса алмаса,  адамдық пайымы күнкөріс қамынан аса алмаса, онда ғұмыр жұлдызының жануы неғайбыл. Біздік міндет жастық жалынмен әлемді қопару емес, асылында сол алапат күшті орынды пайдалану, өмірге кірпіш болып қалану. Осы бір тұста жас маман ретінде, жастық жүректе желпінген өзіндік ұсыныстарға тоқтала кетейік:

1. Синергиялық оқу жүйесі. Бұл дегеніміз – білім беру жүйесінде оқыта жүріп үйрену депаталатын жаңа техника. Оқытушылар балаларға тек балаға білім беріп қана қоймай, жаңа дағдысын ашып, көбіне дайын мәліметпен емес, баланың қызығушылығымен мәліметтерді бойға сіндіреді. Негізгі бағыты оқушы мен оқытушыны дамыту. Кез келген елдің терезесін бүтін, еңсесін биік етіп, өзгеледен еңсесін биік етер қару ол – білім. Сондықтан да жастық жалынды дұрыс бағыттағы біліммен маздатқан жөн.
2. Кері байланысты күшейту. Абай өз сөзінде «Жартасқа бардым, айқай салдым. Одан да шықты жаңғырық» деп, біздегі білімді қайталама бір жаңғырықа теңейді. Асылында білім алу деген алған білімді қайталау емес, арықарай жетілдіру емес пе?! Осы тұста рефлекцияны енгізу арқылы алған білімді сіңдірудің техникасын қолданамыз. Алған білімді уақытында парасатқа қондыру болса, қолды мезгілінен кеш сермеп, жастық шаққа деген өкіну де болмас еді…
3. Функционалды білім беру жүйесін барлық білім саласына темірқазық етіп бекіту. Осы тұста АҚШ ғалымдары XXI ғасыр басында еліміздің білім беру жүйесіне эксперимент өткізеді. Алынған қорытынды  «3дроб1». Мұндағы Мұндағы 1 шкаласы білім, ал 3өмірде қолдану. Нәтеже еліміздегі әр өскелең алған білімнің үштен бірін ғана өмірде қолдана алады. Ал АҚШ тағы көрсеткіш «1дроб1» … Еліміздегі ең негізгі проблема да осы, яғни алған білімнің өмірде орныға алмауы. Ал функционалды білім беру болса, алған білім арқылы үлкен өмірге дайындап, өмірге қалануыңа негізделген жүйеден құралған.
Қорытындылай келгенде, аталмыш дүниелердің бәрі жастық шақта өз орнын табу керек қажетті бір өмірлік құралдар. Адамдың өмірі құдды бір жанартау сынды. Қай кезде арнасынан асуы беймәлім. Белгілісі тасқындаған шақта дұрыс  «жана» алсаң болғаны. Қазақта аталы сөз бар «Атадан алтау туса, ішінде біреуі абадан болар» деген. Құрметтілерім, атадан алтау болмасақта, өмірден  жүйелі орнын тапқан абадан болайық! Бойдағы маздаған жастық жалын өз жүйесін тапқай…

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *