Қазіргі қазақ прозасында ислам дінінің көрініс табуы
Амангелді Шұғыла
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті филология факультетінің 4 курс студенті
Қазіргі тәуелсіз еркін қоғамда діни тақырыпта жазылған прозалық шығармалардың саны артуда. Бұған дейін кеңес үкіметінің үстемдік жүйесі тұсында дін туралы жазу әркімнің қолынан келе бермейтін. Осылай болуының нақты екі себебі бар. Біріншіден, социалистік қоғамда атеистік тәрбиенің үстемдік ету салдарынан болса, екіншіден, жазғысы келіп ұмтылғанымен, діни сауаты аздық етті. Сондықтанда поэзиямен қатар қойғанда прозада діни тақырыпта жазу күрделі болатын. Бүгінгі таңда бұл мәселелер өз шешімін табуда.
Қазіргі қазақ прозасында ислам діні туралы да қалам сермейтін жазушылар саны көбейді. Олар: Т.Ахметжан, А.Кемелбаева, Д.Амантай, Е.Әбікен т,б қазақ жазушылары жаңадан ірі қадам жасады.
Әрбір оқырманды елең еткізіп, ойлануға үлкен ой салатын прозалық шығармалардың бірі, Т.Ахметжанның «нобель сыйлығы» атты еңбегі еді. Дәл осы шығармада бүгінгі күннің ащы шындығы бейнеленген. Шағын сюжетін айтар болсақ: ар-ұят періштесінің жерге түсіп, адамдардың ар-ұяты мен адамгершілік қасиетін қалпына түсіру үшін жанталасуы. Адам атты пенденің көп ағат тірлігінен періште не көкке қайта алмай, не жерге қоналмай екі арада қалып кетті. Өзекті мәселелер: адамдардың қу тіршілікке еріп, Жаратушыны ұмытып, ақша, байлық, атақ-даңққа, одан қалса ащы суға тәуелді болғандарын көрсету. Міне, осының бәріде оқырман қауымға үлкен ой салары анық.
Сонымен, қорыта келгенде, діни тақырыпта қалам сермеу оңай емес. Бұл тақырып үлкен діни сауаттылықты қажет етеді. Дінді дұрыс білетін де, бұрыс түсініп жүргендердің де саны көп. Білімі аз немесе теріс түсіне тұра діни тақырыпта жазып жүргендерде қаншама…Болашақ жастардың қолында болғандықтан, мектептегі жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыруға ден қою керек. Жас ұрпақтың діни сауаты берік болса, әркімнің бұрмалауына сеніп, дінді теріс насихаттаушыларға алданып, артынан еріп кетпейді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718