Көңіл-күй әлеміне саяхат. Эмоция
Абдуллаева Меруерт Сериковна
Түзету сабағы
Сабақтың тақырыбы: Көңіл-күй әлеміне саяхат. Эмоция
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыны қоршаған әлеммен таныстыру
Коррекциялық мақсаты:.Баланың ақыл-есін , ойлау қабілетін, сөйлеу тілін анықтау
Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты сүюге баулу
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
– Сәлемдесу. Бір-біріне күлімдеу
-Бүгін қай күн?
Ми гимнастикасы.
Ширату.
Бір қайшының неше сақинасы бар? (2 сақинасы бар)
Ұшатын көлік қалай аталады? (тік ұшақ, ұшақ)
2.Эмоцияға арналған жаттығулар
Айнаға қарап:
-күлімдеу
-мұрын тыржыйту
-күлімдеу
-көздерін төңкеріп жақсы ойлау
-іштей «И» әріпін айту
- Әртүрлі эмоцияға байланысты, түрлі интонациямен «Сәлеметсіз бе?» сөзі айтылады: -Қуанышты; -қорқу түрінде, -ашулы;
-Ал, енді біз саяхатқа аттанайық…
«Шеберлер» қаласы.
-Бұл елдің адамдары эмоцияны ұмытыпты.
Өлеңді әртүрлі екпінмен айту немесе әр аңның кейпінде орындау:
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп, теріп алайық
Қалтамызға салайық
-қорқып тұрған күйде
-жылаған күйде
– қуанышты күйде
«Көңілсіздер өзені» .
-Бұнда жануарлардың көңіл-күйі қандай? Неге?Суретпен жұмыс.
Қасқыр: 1.көзінен жас аққанша күлуі.Себебі: құмырсқа табанын қытықтауда.2.Жылауы.Себебі: тіс ауырып жедел жәрдем шақыруда.
3.Қорқып тұр. Себебі: Саңырауқұлақ үстінен құрт шығып келеді.
Қоян: 1.Таң қалу Себебі: біреудің ауласына қарап тұр 2.Жылау.Себебі: кірпі тікені табанына кірді.3. қуанды Себебі: бір сандық алтын тауып алды.
Қорытынды.
Ойын «Түспен ажырату»
Ойынның мақсаты: Адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп,жағымды жақтарын түспен ажырату.
Оқушыға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояу тапсырылады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.
-Кім ең көңілді? Суреттегі бейнелерді салыстыра табу.
-Бүгінгі өз көңіл-күйіңді көрсет.
-Рахмет -Сау бол!