Біздің ойыншығымыз


Білім беру саласы:Қатыныс
Ұйымдасқан оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Біздің ойыншығымыз»
Мақсаты:Балаларды ойыншықтардың түрімен,түсінемін таныстыру,тақпақтар айтқызу,сөздік қорын молайту,тіл
байлығын дамыту.Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқаша әңгіме құрау дағдыларын да-
мыту.Үлкендердің еңбегін бағалап,ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Ойыншықтар суреті
Салалық байланыс:Денсаулық.қоршаған орта.
Әдіс тәсіл:ТРИЗ,топтастыру әдісі.миға шабуыл әдісі.
Шаттық шеңбері
Қуан,шаттан,алақай.
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықсын күн бүгін.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз
Күз мезгілінің қай айы?
Қараша
Өте дұрыс.Күз мезгілінде неше ай болады?
-Үш ай.
Өте дұрыс.Қане айлардың аттарын атайықшы.
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Қане балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы,ауа райы қандай болады?
Күн суық болады,жаңбыр жауады,жапырақтар сары түске боянады.
Өте дұрыс.
-Балалар сендердің келіп жүрген балабақшаңыздың аты қандай?
-Құлыншақ.
Өте дұрыс.
Балалар сендер балабақшаға келгенде немен ойнайсыңдар?
-Ойыншықтармен.
Балалар бүгін біздің ұйымдасқан оқу қызметіміздің тақырыбы «Біздің ойыншығымыз»
Балалар қараңдаршы сөрелерде ойыншықтарымыз жоқ екен?Қайда кеткен біздің ойыншықтарымыз?
Алихан сен машинаның дөңгелегін сындырдыңба?Мүмкін сен дөңгелегін сындырғасын ренжіп кетіп қалды ме кен?
Алихан:Жоқ мен сындырмадым.
Аслишах сен қуыршақтың аяғын сындырдыңба?
Аслишах:Жоқ мен сындырмадым.
Ендеше ойыншықтарымыз қайда екен?
(сол кезде ішке бауырсақ топқа кіреді
Бауырсақ:Сәлеметсіздерме балалар.
Тәрбиеші:Сәлеметсізбе бауырсақ.
Бауырсақ:Мен білемін сендердің ойыншықтарыңыздың қайда екен.
Тәрбиеші:Бауырсақ сені түлкі жеп қойып едіғой,сен қайдан жүрсің?
Бауырсақ:Жоқ мені түлкі жемеді.Мен түлкіге орыс тілінде өлең айтып бердім ,сондықтан түлкі мені жемеді.
Сендердің ойыншықтарыңызды менің ертегімдегі кейіпкерлер алып кетті.
Тәрбиеші:Қане балалар еске түсірейікші,бауырсақ ертегісінде қандай аңдар бар еді?
Балалар:қоян,қасқыр,аю,түлкі.
Өте жақсы.
Ендеше балалар тақтадағы суретке мұқият қарайықшы,ойыншықтарымызды еске түсірейікші.
Бұлардың барлығын бір тілмен ойыншықтар деп атаймыз.Қараңдаршы қандай әсем,әдемі ойыншықтар.Мына керемет ойыншықтар сендер үшін жасалған.Ойыншықтар біздің досымыз.
-Балалар ойыншықтарды сындыруға болама?
Жоқ,сындыруға болмайды.
Ойыншықтарды пластмассадан,резинадан,матадан,ағаштан,темірден жасайды.
-Балалар мынау қандай ойыншық?
-Доп
Өте дұрыс.Доптың түсі қандай?
-Қызыл.
Доптың пішіні қандай?
-Дөңгелек.
Дұрыс айтасыңдар,дөңгелек екен.Балалар доп резинадан жасалады.
-Ал бұл қандай ойыншық?
-Қуыршақ.
Дұрыс.Қуыршақ пластмассадан жасалады.Қуыршақпен кімдер ойнайды?
-Қыздар.
-Ал бұл қандай ойыншық?
-Кеме.
Дұрыс.Кеме ағаштан жасалады.
-Балалар кеме қайда жүреді?
-Суда жүреді.
-Ал бұл қандай ойыншық?
-Қоян.
Қоянның баласын не дейміз?
-Қонжық.
Өте дұрыс.Балалар қоян матадан жасалады.
-Ал бұл қандай ойыншық?
-Машина.
Машина балалар пластмассадан жасалады.Машинамен кімдер ойнайды?
-Балалар ойнайды.
Ендеше балалар осы ойыншықтарға арналған тақпағымызды айтайық.
Алихан: Ойыншықтарым көп менің
Бәрін жақсы көремін.
Аслишах: Добым,добым,домалақ
Шаршамайсың домалап.
Аббас: Сылдырмақ-сылдырмақ
Тұрады әр кез сылдырлап.
Ақбөбек: Ойыншығым күшігім
Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ.
Жарайсыңдар балалар.
Ендеше бауырсақ бізге ойыншықтарымызды табуға көмектес,яғни аңдарға бару үшін жол көрсет.
-Балалар қараңдаршы бұл не?
-Қоян.
Қоян бізге тапсырма берген екен,тапсырманы орындасақ бізге ойыншықтарымызды қайтарып береді екен.
Дидактикалық ойын: «Ойыншықтардың көлеңкесін тап»
-Балалар қараңдаршы бұл не?
Аю.
Балалар қараңдаршы қыс мезгілі жақындап келе жатыр,яғни аю ұйқыға кірісіпті.Қане балалар аюды топырлатып оятайықшы.
-Оянбайды екен.Ендеше үрлеу арқылы ,яғни тыныс алу жаттығуы арқылы оятайықшы.
Тыныс алу жаттығуы.
Міне балалар аюда оянды.Бізге тапсырма берді.
Мен сендерге тапсырманы оқып берейін,мұқият тыңдаңыздар.
Балалар қыс мезгілі жақындағандықтан мен ұйқыға жақынмын,сондықтан барлығымыз бірге бойымызды бір сер-гітіп алайық.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
-Балалар бұл не?
-Қасқыр.
Қасқырда бізге тапсырма берген екен.
Дидактикалық ойын: «Ойыншықтарды тап»
-Балалар бұл не?
-Түлкі.
Балалар бізге түлкі жұмбақ жасырыпты,жұмбақтың жауабын табамызба?
-Иә
Ендеше сендерге жұмбақты оқып берейін.
Жұмбақ
Аяғы бар, жүрмейді
Аузы бар,күлмейді
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді
Ол не? -Қуыршақ
Өте дұрыс.
Жұмбақ
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды?
Ол не? -Доп
Жарайсыңдар балалар.
Балалар бүгін бізге ойыншықтарымызды табуға кім келді?
-Бауырсақ.
Сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнадыма?
-Иә.
Ендеше келген қонақтарымызға сауболыңыздар дейміз.
-Сауболыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі:ойыншықтардың түрлерін
Меңгереді:ойыншықтардың неден жасалатынын
Игереді:ойыншықтар туралы мағлұматтарды.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *