“Абай” әдеби журналы тарихынан

“Абай” әдеби журналы тарихынан
Ораш Дияс
Журналистика факультетінің 1 -курс студенті

Абай» журналын қазақ журналистикасында өз ізін қалдырған басылымдардың бірі. Журнал жайлы зерттеушілер мен жазушылардың зерттеулерінде кездесе де ,өте сирек жазылған ,сондықтан ақпарат іздеу қиынға соққан. «Қазақ», «Айқап», «Түркістан уәләяты газеті» сияқты іргелі басылымдарға терең зерттеу жасалып, кітап ретінде басылып шығарса, «Абай» журналына әлі күнге дейін детальді зерттеу жасалмаған.
“Абай” журналының шығу тарихы тікелей Абай Құнанбайұлы атамызбен байланысты ,дәлірек айтсақ оның туған күнімен.Алғашқы ұсыныс 1914 жылы қазақ зиялы қауымдар арасында қабыл алынған болатын.Яғни ақынның қаза болғанының он жылдығына байланысты журналды шығаруға шешім қабылдаған болатын.Ол уақытта Ресей тарапынан отарлау өте жоғары деңгейде жүріп жатты және бір жағынан Бірінші Дүниежүзілік соғыстың басталуы журналдың шығуын шегерген еді.Араға төрт жыл уақыт салып “Абай” журналы шыға бастады.Алғашқы нөмірі 4 ақпанда Алаш қаласынан шыққан.Журналдың редакторлары Жүсіпбек Аймуытов пен мұхтар Әуезов болды және негізін қалаушылар.Қазақтың таудай қос зиялыларының таныстығының арқасында журнал өмір сүруін бастаған болатын.Дәл сол жылдары Жүсіпбек Аймауытов Семейдегі оқытушылар семинариясын аяқтап бітеді(1918).Сол кезеңнен бастап Жүсіпбектің алашордамен қарым-қатынасы басталады.Сол жылдары Мұхтар Әуезов түрлі үйірмелер ашып ,”Алаш жастары” одағын құрған болатын.Кейіннен екі зиялы танысып “Алаш ” газетінде бірігіп жұмыс атқарған болатын және олардың бірігіп жазған” Қазақтың өзгеше мнездері” мақаласы газетте жарық көрген болатын(журнал шығуына дейін).
Журнал мақсаты сол жылдардағы қазақ газет-журналдары секілді ұлттық сана мен түйсікті ояту еді.Ресейдің қазақ халқына деген қарым-қатынасы қарама-қаайшы түрде жүрді,қазақ ұлттылығы жойылуға шақ қалған кезеңде осылай журнал шығару арқылы қазақ тілі мен дәстүрінің тірі екенін халық санасына қайта салған алыптардың таудай іс -әрекеттерін мақтанышпен айта аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.сайт abai.kz
2.сайт Wikipedia
3.Абай.Энциклопедия

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *