Аяулы жан анам

Эссе

Тақырыбы: Аяулы жан ана.

Ана деген кім? Ананың бала өміріндегі алатын орны ерекше десем кім болса да келіседі деп ойлаймын. Ана деген құдіретті сезім иесі сәби шағыңнан аялы алақанына салып бар мейірім шуағына бөлеп, қамқорлығын аямайтыны белгілі.Бала үшін қолындағы барын беруге,жоқтан бар жасауға дайын жалғыз адам ол -ана. Ана деген ерекше жаратылыс иесі, ананың балаға деген ыстық ықыласына жер бетінде теңесер нәрсе жоқ екені даусыз. Мен анамды шексіз сүйемін. Ананың махаббатына, бар мейірім шапағатына бөленіп өскеніме шүкіршілік айтамын.Алаңсыз бал балалық шағымның әр күні,еркелеп өскен сәттерім, суықтап қалғандағы анамның зор қамқорлығы,мектептегі әр жетістігім, оқу орнына түскен сәт, бәрі, бәрі тек анаммен тығыз байланысты екені санамда жаңғырып тұр. Ананың көз алдында есейсең де ол үшін сен әрдайым баласың. Не деген ұлы сезім десеш.Ондай жаратылыс иесі жер бетінде жоқ,анам мен үшін ең асыл адам. Ананың махаббаты, аялы алақаны, зор қамқорлығы,үлкен мейірімді жүрегі, ыстық ықыласы, ақылды жанары, кең пейілі мен үшін жұмақтың қол жетпес мекені. Әр адам өз анасын жақсы көретіні, силайтыны белгілі. Ана деген ақылдың кені дер едім, бар сабырын, төзімін тек баласына арнайды. Баланың бақыты үшін өзін құрбан ететін тек ана ғана, басқа жаратылыс иесінің қолынан бұл келмейді әрине. Түн ұйқысын төрт бөліп баласының тілеуін тілеп бар жағдайды жасауы үлкен ерлік дер едім. Отбасының мейірімге толы үлкен жүрегі мен тірегі ол ана деу орынды. Бар бойына ұлылықты жинаған  ана ажары айдай көркем  сұлу жан. Жарқын жүзі, мейірімге толы жүрегі, айналып толғанып еркелетуі, риясыз  шынайы күлкісін айсашы. Ақын Төлеген Айбергенов  аға жырлағандай

«Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,

Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман» деп толғауы ананың өз орнын,бала үшін маңызын айқындайды. Ананың қадір қасиетін терең түсініп,құрметпен қараңыздаршы дер едім  кімге болса да. Барында бағалап, үлкен сый ретінде қызмет көрсетіп батасын алу артықтық етпейді, үлкен міндет пен адами парызымыз екенін  ұғыну қажет. Мен дәл қазір анамды қатты сағынғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Шіркін бір мүмкіндік берілсе құшағымды жазбастан қапсыра құшақтар ем, бар ынтаммен аймалап дәл өзіндей сүйер ем ыстық ықыласпен. Анашым менің баға жетпес байлығым, анам менің өмірдегі ақылшым, анам менің  қадірлі де қымбаттым!

Аялы алақаның үшін, бар мейірім шапағатың үшін, ыстық ықыласың мен  маған деген махаббатың үшін алдыңда басымды иемін  аяулы жан анам!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Уанасова Куралай Дауановна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Мирас_kz-2030 балабақшасы

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *