Балтабаева Арайлымның шығармашылығы
Достық
Басталады достық мәңгі жас кезден,
Мен адал дос,сен адал дос боларсың.
Адал досым,амал достан керемет,
Амал досым,менен саған не керек.
Ана
Ана деген – өмірдің бір бөлігі ғой,
Ана деген-ардақты,асыл жан ғой.
Мен анамды әрқашан қадір тұтам,
Сен анаңды әрқашан қадірлей біл!
Әке
Асқар таудай әкешім,аман болшы!
Қамқорлықтың төресі сіз боларсыз.
Үмітіңді ақтаймын әрқашанда,
Ешқашанда қаратпаймын жерге сізді.
Отан
Отаным менің ыстық бәрінен де,
Күні ыстық, лебізі бәрінен де.
Туған жердің қадірі әрқашанда ,
Орнаған мәңгілікке жүрегімде.
Ақын,күйші,жыраулар
Ақын,күйші,жыраулар
Естен кетпес тұлғалар,
Ән-күйін біз тыңдаймыз,
Есімізде сақтаймыз!
Әлдекімдер сұраса,
Біз айтудан тынбаймыз.
Өйткені біз оларды,
Ойға тоқып жаттаймыз.
Қазақ қызы
Сұлулыққа лайықты,
Әрбір қазақ қыздары.
Нұр жүзінен,көз тартар,
Олар қазақ қыздары
Сипаты таңдай арайлы,
Демінен жұпар тарайды.
Шалқыған сезім жүректі,
Қазақтың қызы шырайлы.
Арал ауданы,Сапақ елді мекені
6-сынып оқушысы:Балтабаева Арайлым
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718