Кітап оқудың 10 пайдасы
Арыстанбай Ақерке Бахытқызы
Кітап дегеніміз – ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазыналардың бірі.Сонымен қатар,кітап біздің екінші досымыз деп айтсақ қателеспейміз.Кітап дегенде әр адамның түсінігі әртүрлі.Мәселен,біреулер кітапты тек,керек кезде ғана немесе ермек үшін оқыса,ал біреулерге кітап адам өміріндегі маңызы болып табылады.Ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді.
«Кітап өмір ұстазы» деп бекер айтпаған.Сондықтан,жастар кітап оқуды,күнделікті әдет қылуы тиіс.
Кітап оқудың қандай пайдасы бар?
1.Ой мен қиялдың дамуы.Альберт Эйнштейн айтуы бойынша,логика бізді а нүктесіне б нүктесіне жеткізеді.Ой қиял болатын болса,кез-келген жерге жеткізеді.Кітап оқыған сайын,адамның ойы кеңейе түседі.Біз кино көргенде,дайын бейнені көреміз,ал кітап оқыған кезде,кітапта болып жатқан бүкіл оқиғаларды көзбен елестетіп,ойлаймыз.
2.Сөздік қордың ұлғаюы.Қазіргі таңда мемлекетімізде тіл мәселесі ең өзекті болып табылады.Кейбір адамдар өз тілінде еркін сөйлей алмайды.Сөйлеу барысында неше түрлі жаргон сөзді көп қолданады.Оның себебі, кітап аз оқығандықтан.Жалпы айтқанда адамның сауаттылығын арттырады.
3.Аналетикалық қабілеттер.Ойдан шығарылған кейіпкерлердің,әртүрлі тұлғалардың оқиғаларын оқу,көптеген ми бөліктерін дамытады.
4.Зейінділік.Адам көп оқыған сайын,жиі басқалар көрмейтін бөлшектерді байқап,кез-келген істерге мұқият қарай бастайды.Көптеген іс-әрекеттің реттілігіне сүйене отырып,оқиғалардың нәтижесін алдын-ала анықтайды.Кітап оқитын адам өз назарын оңай бағыттауға қабілетті.
5.Мидың толық жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.Ми мамандары кітап оқу,қартайған кезде ақыл-ес кемістігін болдырмаудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі деп санайды.
6.Шығармашылық арта түседі.Кітап оқу арқылы сіздің шығармашылығыңыз,өмірге деген сүйіспеншілігіңіз бен көзқарасыңыз өзгереді.
7.Сенімділікті арттырады.Мысалы:достарыңызбен немесе туыстарыңызбен,белгілі бір тақырыпты талқылаған кезде,сол талқылау барысында,кітапта келтірілген фактілер мен терминдермен келтіретін болсаңыз,қоғам сіздің білімгерлігіңізді мойындап,өзіңізге деген сенімділік артады.
8.Күйзелістен арылу.Кітап оқи отырып,біз күйзелістен арыламыз.Қазіргі ақпарат заманында ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін ажырата алмай жүрген уақытта,кітап ең сенімді құрал.Ғалымдардың айтуынша,түнде кітап оқыған адам,күйзеліске қарсы иммунитет қалыптастырады.
9.Деніңіз сау болады.Көптеген ғылыми дәлелдерге сүйенетін болсақ,кітап оқу жүйке жүйесі ауруларынан алдын алады.Себебі:кітап оқу арқылы адамның есте сақтау қабілеті арта түседі.
10.Адамдарға қарым қатынас жасауға көмектеседі.Сонымен қатар,әдемі сөйлеу дағдыларымен,қоршаған ортаны, әлемді және өзіңді тануға үйретеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718