Күні: 17.02.2023ж . Пәні: география Сыныбы: 9 «а»
Сабақтың тақырыбы | «Қазақстанның климаттық ресурстары» | ||
Оқыту мақсаты | Қазақстанның климаттық ресурстары жайлы ой қозғау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы сыни ойлауға үйрету, шығармашылық қабілетін шыңдау. | ||
Күтілетін нәтиже | Қазақстан климаты жайлы пікір алмасады, Рөлдік ойын тапсырмалар арқылы өзіндік ойын айтуға, топта жұмыс жасауға , пікірін дәлелдеуге дағдыланады. | ||
Пайдаланған дереккөздер. | Оқулық (9-сынып), «География» журналы | ||
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер | Сергіту сәті: «Ақсүйек» ойыны (Өмірде үш нәрсе…). Үй тапсырмасын бекіту: Мәтін мазмұны негізінде сұрақ әзірлеу. Ой қозғау Оқылым, рөлдік ойын тапсырмалары. Кері байланыс: «Бір сурет, бес сөз». | ||
Ресурстар | Флипчарт,маркер,түсті бояулар,қарындаш. | ||
Сабақтың кезеңдері | Уақыты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
I. Кіріспе І.1. Психолгиялық ахуалды қалыптастыру І.2. Топқа бөлу І.3. Үй тапсырмасын пысықтау | 2
5
5 | Сынып тазалығын қадағалап, оқушыларды түгелдеймін. «Ақсүйек» ойыны (Өмірде үш нәрсе…). « Ыстық орындық» Әр топтан бір адам шығады,оқушылар үй тапсырмасынан сұрақтар қояды. | Сынып кезекшісі жауапты. Адам өміріндегі басты құндылықтарды атайды. Қалауынша таңдап, топқа бірігеді.
Қойылған сұрақтарға жауап береді. |
ІІ. Тұсаукесер жаңа сабақтың таныстырылымы.
| 5
4
| Ой қозғау Климат қағидаларын еске түсіру. Қазақстанда қандай ауа райы немесе климат қалыптасуы мүмкін? Агроклимат деген не? Адамзат ауа райын не үшін болжайды? Сабақтың тақырыбын ашу. Мақсатын анықтау: Қазақстанның климат жайлылығын анықтауда қандай ұстанымдарға сүйенеміз? Туристтік киматпен энергоклимат туралы нені білгіміз келеді?
| Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді оқиды, өзіндік ойын білдіреді. |
ІІІ. Негізгі бөлім. мағынаны тану | 5
14 | Жасыл энергетика құруға ашық бәйге рөлдік ойын: Ойынға оқушылардың 4 тобы «жел мамандары», «күн мамандары», «экологтар», «инвесторлар» қатысады. Күн және жел электрстансаларының мамадары электрстанса салу жобаларын ұсынады. Экологтар сараптама береді. Инвесторлар ең тиімді жобаны таңдап алады. Ойын барысы: Күн мамандар тобы КЭС салуға ал жел мамандар тобы ЖЭС салуға орын таңдап, өз таңдауларын негіздейді, артықшылығын дәлелдейді. Экологтартобы ұсынылған КЭС пен ЖЭС жобаларын оқулық мәтіні мен өз ой-пікірлеріне сүйене отырып, сынайды, әр электр стансасының кемшіліктерін атап көрсетеді. Өз қорытындыларын жасап береді. Инвесторлар тобы жел, күн мамандарын , экологтарлдың ұсынысын тыңдай келе өздері қаржыландыратын ұнаған нұсқаны таңдап алады. Өз таңдауларын негіздеп айтып береді.
|
Өз ұсыныстары мен дәлелдерін қорғайды.
Пікірлеседі.
|
ІV. Қорытынды | 2 3
| Үйге тапсырма: 22-тақырып Кері байланыс: «Бір сурет, бес сөз». Оқушыларды қатысымына қарай бағалаймын. | Тақтаға жапсырады.
|
ДОТІЖО:———————————-М.Жамантаев.