5.1.2.28 ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуді орындау;қмж
5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану | |||||||||||||||
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы:
6минут
7минут
|
Ұйымдастыру. Сәлемдесу.Ынтымақтастық атмосферасын құру
сабаққа егер дайын болсақ алақандарымызды бірге соғамыз, барлықтарымыз бірге соққан кезде ғана сабақты бастаймыз. Үй тапсырмасын тексеру: №680 талқылау сұрағы есепте қандай қиындық туындады? Өткен тақырып бойынша қайталау 1. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтудің алгоритмі қандай? Үтірін тап 6,3*7= 8,33*3= 9,6*8= 4,5*12= 8,31*14= 9,5*11=
талқылау сұрағы: -ондық бөлшектерді натурал сандарға көбейтуде қиындық туындады ма? |
«Көршіңді тексер» әдісі бойынша бір-бірін тексереді
сұрақтарға жауап береді
learning apps бағдарламасы арқылы сәйкестендіреді 6,3*7=44,1 8,33*3=24,99 9,6*8=76,8 4,5*12=54 8,31*14=116,34 9,5*11=104,5
|
бір-бірін бағалайды
мадақтау
|
интерактивті тақта
https://learningapps.org/watch?v=p0fsmwti223
|
||||||||||||||||||||||||||||||
сабақтың ортасы
8минут
8минут
4минут
2минут
|
Топтық жұмыс Семантикалық карта
603*971=585513 болатынын пайдаланып, есептемей-ақ көбейтіндінің мәнін табыңдар. Егер көбейтіндінің мәнін дұрыс тауып, оның тұсындағы әріптерден сөз құрастырсаңдар қорықтың аты шығады.
талқылау сұрағы -ондық бөлшектерді көбейту кезінде үтірді қоюда қиындық туындады ма? ЕБҚ бар оқушылар өздігінен жұмыс жүргізеді. Берілген тапсырмаларда ондық бөлшектерді көбейтуде үтір ажыратуға мұғалім көмек береді. ЕҚБ бар оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды
Жұппен жұмыс. Қызықты ақпарат ҮСТІРТ қорығы туралы есеп. Мәтінді оқушыға беремін. Мәтіннің ішінде сандар жасырынған ондық көбейткіштерді көбейту арқылы мәнін табады және Үстірт қорығы туралы ақпаратты оқиды. 49600*0,04 455,8*0,49 2500*0,08 талқылау сұрағы Есепті шығару кезінде қандай қиындық туындады? ЕБҚ бар оқушылар өздігінен жұмыс жүргізеді. Берілген тапсырмаларда ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейту үшін мұғалім көмек береді. ЕҚБ бар оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды
Жеке жұмыс “Кім жылдам” әдісі Есептеңіздер 1) 0,12 2) 0,012 3) 0,22 4) 0,022 талқылау сұрағы -Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма? -Қандай қиындық туындады? -ондық бөлшектерді ондық бөлшекке көбейту алгоритмі қандай? ЕБҚ бар оқушылар өздігінен жұмыс жүргізеді. Берілген тапсырмаларда ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейту үшін мұғалім көмек береді. ЕҚБ бар оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды
Кері байланыс: Оқу мақсатына қайта оралу -Оқу мақсатына жете алдық па? |
топпен бірге шығарады
есептемей ақ үтірді қою керек
жұппен есеп шығарады 49600*0,04=1984 455,8*0,49=223,342 2500*0,08=200
жеке есептейді 1) 0,12 =0,01 2) 0,012 =0,0001 3) 0,22 = 0,04 4) 0,022= 0,0004
|
Дескриптор:
– ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейту ережесін қолданады бір-бірін бағалайды
Дескриптор: -Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін қолданады-1б -жауабын табады-1б, әрбір дескриптор үшін 2балл, жалпы 6балл
Дескриптор: – ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейтеді-1б, дескриптор бойынша әрбір дұрыс шығарылған есепке 1балл, жалпы -4б |
Интерактивті тақта
қосымша
қосымша
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 5минут | рефлексия
“Желкенді қайық” – Егер саған сабақ ұнаса, желкенді жасыл түске боя. – Егер сабақта қиындық кездессе, желкенді сары түске боя. – Егер тапсырмалар орындау қиын болса желкенді қызыл түспен боя.
Үй жұмысы №681есеп |
кері байланыс береді
|
мадақтау
10балдық жүйеде бағаланады, kundelik.kz бағалар қойылады |
интерактивті тақта |
Оқушыға тапсырма
Үстірт қорығы – Қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық . жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты – шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында гектар аумақты алып жатыр. Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп. Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 166 түрі, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі.Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген; құстардан – бүркіт, жұртшы, ителгі, үкі, жорға дуадақ, лашын, қарабауыр бұлдырық, дала қыраны, қарабай, жылан жегіш қыран, қарақұс, қоқиқаз, сұр тырна, сақалтай, қылаң қарабас шағала, қылқұйрық бұлдырық, жалбағай, кішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан – төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден – арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, итаю, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат.
Тапсырманың толық нұсқасы мұғалім үшін
Үстірт қорығы – Қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты – шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр. Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп. Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 166 түрі, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі.Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген; құстардан – бүркіт, жұртшы, ителгі, үкі, жорға дуадақ, лашын, қарабауыр бұлдырық, дала қыраны, қарабай, жылан жегіш қыран, қарақұс, қоқиқаз, сұр тырна, сақалтай, қылаң қарабас шағала, қылқұйрық бұлдырық, жалбағай, кішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан – төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден – арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, итаю, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718