ҰСТАЗ БОЛУ – ӨЗ УАҚЫТЫН АЯМАУ, ӨЗГЕНІҢ БАҚЫТЫН АЯЛАУ

ҰСТАЗ БОЛУ – ӨЗ УАҚЫТЫН АЯМАУ, ӨЗГЕНІҢ БАҚЫТЫН АЯЛАУ

Замана көшіп, уақыт өткен сайын құны мен маңызын жоймайтын мамандықтар болады. Солардың бірі «Ұстаз» мамандығы. Қатпар тарихымызда «Ұстаз болу – жүректің батылдығы» деген тәмсіл бар. Шынында да, дүниеде мамандықтардың ішінде маңыздылары болады. Мысалы, дәрігер – адам жанын арашаласа, тәртіп сақшысы – тыныштықты қызғыштай қорғайды. Ал, мұғалім мамандығы білім мен ғылымның мызғымас кепілі бола бермек.

Өмірде әр нәрсенің бастауы болатындай, қай саланың құзар шыңында «ұстаз» дейтін ұлы ұғым тұр. Біз кие тұтып, қызыққан салалардың бәрі де ұстаз алдынан өтеді. Қолды икемдетіп, хат жазуды бастап үйрететін де, саңқ етіп сөйлеу мен әуездетіп ән айтуды содан үйренеді екенбіз.  Әкемізден өмірді алсақ, ұстаздан өмірге қажетті дүниелерді аламыз. Ендеше ұстаздан ұлық, шәкірттен кішік зат болмайды екен.

Бүгінде мақтаулы мамандық тізгінін ұстаған жандарға зор жауапкершілік жүктеледі. Дегенмен, бұл сала көңілдің емес, тұнық ой мен жүректің таңдауы болуы тиіс деп ойлаймын. Болашағын ағартушылық саласымен байланыстырған азамат осыны түсінсе игі болмақ.Ұстаздардың ішінде де ұстазы және ел қатарлы қарапайым мұғалімі болады. Мәселен, «ұстаз» ұлы ұғымға лайық болу үшін, саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы маман дайындаудың тәсілдерін білу керек. Сондай-ақ, кітаптағы білім мен өмір иірімдерін үйлестіріп, баланың балғын санасына сіңіре алуың қажет.

Мектеп табалдырығында жүргенде тәлім беруші ұстаздарымыздың, шәкірт үшін құмырсқадай тынымсыз еңбек етіп, бала жетістігіне ерекше қуанған сәттері көз алдымызда. Ұстаздарымыз шәкірттерін белбаласынан кем көрмей, өзгенің бағын аялайтыны мені таңқалдыратын. Сырт көзге парадокс болып көрінгенмен. Аксиома екені анық.

Ардақ Бықылова,

«Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *