«Аутизм» деген кімдер?
Епенова Жанар
Аутизм — (гр. autos – өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл– күйі. Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.
Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Эйген Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады.
Аутизм себептері:
Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі. Аутист бала ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады.
Жалпы тұйық мінез әр түрлі себептерге байланысты:
– Баланың жеке мінезіне
– Көру мен есту кемістігіне
– Зияттың жетілмеуіне
– Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына
– Невротикалық өзгерістерге
Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм)
Аутист бала қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.
Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:
– жалғыздықты жақсы көру
– ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу
– мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы
бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек
-эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау
-біркелкі қимылдарды қайталай береді
Маңғыстаудағы аутизм балалар
Маңғыстауда алты мыңға жуық ерекше бала бар. Оңалту мен емделуге квота алу үшін кезекте 2 мыңнан астам адам тұр, бірақ жылына 14-15 бала ғана жіберіледі. Сонымен қатар, егер орыс тілінде оқытатын мамандар – дефектологтар, логопедтер болса, онда қазақ тілінде – оларды мүлдем таба алмайсың.
Қазіргі таңда балаларды емдейтін орталық Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Павлодар, Екібастұз, Семей, Көкшетау, Жезқазған, Атырау, Түркістан және Қызылорда қалаларында ораналасқан.
Менің мақсатым Аутизмнен 80% ға емдейтін орталық ашып ата-аналарды қуанту.Балаларды толықтай емдей алмасақта 80%ға емдеуге болатыны анықталды.Сондықтан баларға керекті емді беріп бастасақ әрі қарай Мемлекеттен көмек болса үлкейуге де мүмкіндік бар.Егер Аутизм орталығын ашатын болсақ ол жерге ауысып отыратын 2 психолог маманы,2 логопед,2 тазалаушы мен балалардың денсаулығын сақтайтын дәрігер,балаларды жаттықтырып ойнатанын 2 маман,бугалет маманы керек.
Ғимарат қала сыртында орналасады.Ғимаратта 2 оқыту бөлмесі,жаттығу бөлмесі,психолог бөлмесі,қабылдаушы бөлмесі, кеңесші. логопед бөлмесі мен әжетхана болады.Ата-ана күту бөлмесі.Ат бағу алаңы.Балаларға дамыту ойыншықтармен ой дамыту кітаптары керек.
Психолог мамандары – 150 мың (жарты мезгілмен)
Логопед – 150 мың (жарты мезгілмен)
Тазалаушы – 90мың (жарты мезгілмен)
Қарауыл – 60мың
Жаттықтырушы – 120мың (жарты мезгілмен)
Кеңесші-100мың
Қабылдаушы-90мың