Тарихты білу-ұрпаққа парыз

Тарихты білу– ұрпаққа парыз

Кейбір жастарымыздың рухани жаңғыруға бетбұрыс бүгіннен басталады деп түсінетіндері белгілі. Әрбір тарихи кезеңге зерделей көз салатын болсақ, Ұлы дала ұрпақтарының көреген, ойшыл, заманынан озып туған ұлдары ел-жұртының, халқының, ұлтының сана-сезімінің жаңғыруына зор үлестерін қосқанын аңғарамыз. Арғысы сонау бағзы заманда өмір сүрген Қорқыттың, «екінші Арис-тотель» атанған әл-Фарабидің ілімі біздің хал¬қымыздың ғана емес, әлем жұрт¬шылығының сана-сезі¬мін жаңғыртса, бергісі қазақтың да-нышпан ғұламасы – Абайдың отар¬шылдықтың құрсауында қалған қазақтың рухын, ұлттық намысын көтеру мақсатында жазған еңбектері тұтас дәуір ұрпақтарын тәрбиеледі десек, асылық айтқан болмас. Хакімнің қоғам өмірі, дін мәселелері туралы философиялық ой-пікірлері Шығыс пен Батыс елдерінің алдың¬ғы қатарлы ойшылдарының па¬йым¬дарымен теңесетінін зерт¬теушілер айтып та, жазып та жүр. ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының рухани жаңғыруына Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкей¬ханов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сияқты Алаш арыстары ерек¬ше атсалысты. Ұлтымызды үш ғасырға жуық отаршылдықта ұста¬ған патшалық Ресейдің «бұратана хବлық¬тарға» жүргізген саясатын Кеңес өкіметі жалғастырғаны тағы белгілі. Қазақ халқының ұлт ретінде жойылып кетуіне бағытталған саяси-экономикалық реформалар жүргізілді. Өз ұлтының толық бостандық алып, дербес ел болуы үшін күрескен беткеұстар азаматтарымыз саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Халқымыздың еркіндік аңсаған ақыл-ойы мен ар-намысының күретамырына балта шабылып, кейінгі ұрпақ өз ұлтының кім екенін айтудан ұялатын халге жетті. Бірыңғай Кеңес халқын қалыптастыру идея¬сы белең алып, қазақ мектептері жабылып, қаймағы бұзылмаған елді мекендер өзге этнос өкілдері басым ауылдарға көші¬рілді. Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетов туған Мамлют ауда¬нындағы Үшкөл келешегі жоқ ауылдардың қатарына жатқы¬зылып, көрші тұрғыны аз орыс¬тар тұратын Владимировкаға көші¬рілгенін қалай ұмытайық? Аққайың ауданындағы қазақ мек¬тебінің орыс мектебіне айнал¬ғанын 1970 жылдары студент кезім¬де ауыл шаруашылығы жұ¬мыс¬¬тарына барған кезде көріп таң¬данғанмын. Осындай жағдайлар әсіресе, елдің шетінде, желдің өтін¬де тұрған теріскей жақтарда өте-мөте байқалды.
Тәуелсіздікке дейін Петропавл қала¬сында бір ғана қазақ мектебі жұ-мыс істегені мәлім. Облыс ор¬та¬лы¬ғындағы жалғыз жоғары оқу орны – педа¬гогикалық институтта қазақ бө¬лімі болмады. Ана тілімізде орта білім алған біздің тұрғыластарымыз көп қиындық көріп, амалсыздан орысша оқуға тура келді. 1969 жылы тарих бөліміне түскен 50 студенттің 4-еуі ғана қазақ мектебін бітірген еді. Бес жыл бойы дүние жүзі, Кеңес тарихын терең меңгеруге ден қойсақ, қазақ тарихын бесінші курстың соңғы екі айында желе жортып, сыдыртып, оның өзінде патшалық-кеңестік оқиғалармен байланыстыра оқып шықтық. Тарих факультетінде оқып жүріп өз тарихыңды толық игере алмау кемсіту екенін түсінетінбіз. Бірақ саяси жүйеге ашық қарсы шығуға сол кездегі саясат жол бермеді. Кеңестік замандағы тарихи кинолар, балаларға арналған мульт¬фильмдер орыстың батырларын насихаттап, біздің қазақ жерін жаудан қорғаған бабаларымыз мүлдем шеттетілді. Төл тарихын толық оқымаған жас ұр¬пақ дү¬ние жүзіндегі екі жүзге жуық мемлекеттің ішінде жер көлемі жағы¬нан тоғызыншы орын алатын ұлан-бай¬тақ Қазақстанды қорғап қалып, ұр¬пағына жеткізген мыңдаған батырлары, батыс өркениетінің пайда болуына ықпал еткен ұлы ойшылдары барын, Ұлы даланың ұрпақтары екенін қайдан білсін?! Бұл – біз көрген шет-тету¬дің бір парасы ғана. Жас ұрпақ осы¬ның бәрін білуі керек.
Осындай ұлтсыздану үрдісі шегі¬не жеткен өткен ғасырдың 1960-70 жыл¬дары жаңа алаштық рухты қа鬬та көтерген жас буын өкіл¬дері шыға бастады. Бұл ұйым¬дар жас¬тар арасында ұлттық мә¬дени шараларды жүргізу ар¬қылы олардың сая¬си сана-сезі¬мінің оянуына ересен ық¬пал ет¬ті. Осы уақытта ақын Олжас Сү¬¬ле鬬меновтің «Тюркизмы в «Слове о полку Игореве» атты мо¬но¬графиясы және соның негі¬зін¬де жазылған әйгілі «АЗ и Я»¬ кітабының жарыққа шығуы шо¬ви¬нистік рухтағы орыс тарихшылары мен әдебиетшілерінің сыңаржақ, қатып қалған ғылыми қөзқарастарына ғана емес, кеңес¬тік идеологияға ба¬ғыт¬талған қатты соққы болды. Өйт¬кені он¬дағы қозғалған мәселелер бү¬гін¬гі күнге дейін маңызын жоймай келеді. Тағы бір айтпағым, елор¬¬дада Елбасының «Ұлы да-ланың жеті қыры» атт¬ы еңбе¬гіндегі инновациялық тұжы¬рымдамалар мәселесі бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысу құрметіне ие бол¬ғаным бар. Осы жиында Тәуе¬л¬сіздік ата-баба-ларымыздың азат¬тық күресінің, Алаш көсемдерінің жан¬¬кештілігінің арқа¬сында кел¬гені тілге тиек етілді. Елбасы¬мыздың ши¬рек ғасырдан астам уақыттағы тәуел¬сіздігімізді ны¬ғай¬ту бағытында атқарған орасан зор еңбегі жоғары бағаланды. Жас ұрпақтың ендігі мін¬деті – тұғырға қонған еге¬мендік туын түсірмеу. «Болашаққа бағ¬дар: рухани жаң¬ғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарл¬амалық ең-бек¬терді Ұлы дала тарихының ақ¬таңдақ беттерімен байланыстыра отырып түсіндірсе, құба-құп болар еді.
Бабаларымыз мекен еткен Ұлы да¬ла негізінде түркі жұрты¬ның мем-лекеттері құрылды. Қа¬ра¬шаңы¬раққа біздің ие бол¬ға¬нымыз – зор мақтаныш. Кеңес¬тік дәуірде тарихымызды жа¬зу¬ға қысым көрсетілді. Ен¬ді¬ тәуелсіздіктің арқасында өз тବ¬ри¬хымызды кеңінен толық жазу¬ға мол мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның тарихи-мә¬де¬ни мұраларын сақтау және да¬мыту ба¬ғы¬тында, ұрпақтар сабақ¬тастығын жал¬ғастыру жолында тарих және қоғамдық ғы¬лым өкілдерінің күш-жігерін ба-рынша жұмылдырудың тиімді жол¬дарын анықтау еш артықтық ет-пейді. Бүгінде Қазақстан тари¬хы оқулықтарының сын көтер¬мейтіні туралы «Егеменнің» бет¬терінде аз жазылып жүрген жоқ. Біз білетін Бейбарыс сұл¬тан¬нан басқа қыпшақ даласынан жиырмаға жуық сұлтан шыққаны кейбір деректерде айтылады. Олай болса, Елбасымыздың «бү¬гін¬де төл тарихымызға оң көз¬қарас керек. Бі¬рақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір–бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұ¬лар өзара бірлескенде жеке адам-дардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің та¬рихы¬мызда қасі¬ретті сәттер мен қай¬ғылы оқи¬ғалар, сұрапыл соғыс¬тар мен қақ¬тығыстар, әлеуметтік тұр¬ғы¬дан қауіпті сынақтар мен саяси қу¬ғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмы¬¬туға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсі¬ніп, қабылдай білуіміз керек» деген тапсырмасын естен шығар¬мауымыз керек…

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *