Мектеп жасына дейінгі балалардың логикасын дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек.Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтежелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірбилерін өз бетінше іс жүзіне асырады .Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет.Өйткені, бұл компьютер ғасыры.
Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда –балаға құрметпен қарау қажет.
Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің математикалық диктант жазудың , заттарды әр-түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың , ауызша есеп шығарудың ,көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Біздің балабақшаның тәрбиешілері логикалық ойлау қабілеттерін жоғарлатуда.
Логика — дүниені тану тарихының нәтижесі, жиынтығы, қорытындысы. Логика ғылымында жаңаша әдістерді жетілдіру, адамның дүниетанымын барынша өрістету басты мәселе болып саналады. Логика ғылымы адамдардың сан ғасырғы тарихи тәжірибесінің жемісі.
Бұл ғылым адамдардың өмір сүру қызметінің әр түрлі салалары үшін аса маңызы бар әлеуметтік тарихи қүрылым. Бүл логикалық ойлау ғылымы көптеген басқа ғылымдармен байланысады. Философиямен, психологиямен, жоғарғы нерв қызметі, физиологиямен, кибернетикамен, математикамен байланысын зертгейді.Логика — талқылау кезіндегі ойдың дүрыс қүралуын зерттейтін ғылым. Еінші сұрақта формалды және диалектикалық логика туралы түсініктердің мазмүнын анықтаудан бастау керек. Формалды және диалектикалық логиканың ерекшеліктеріне, айырмашылықтарына тоқталған жөн. Формалды логика жаңа білімдерді қорытып шығарудың заңдарын қарастырады. Формалды логика білімнің қүрылымдық жағын жеке-жеке көрсетуге, олардың элементтерінін формалды байланыстарына көңіл аударады.
1. «Логика» ұғымына түсінік
Білім берудің басты мақсаты-үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау.Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдесінің негізгі кілті болып табылады.Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада,білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда,жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады.Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді,оқуға деген құлшынысы төмендейді.Бала логикалық операцияларды меңгергенде,анық және дәл ойлай алады,амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді,өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады.Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі.
Логикалық тәсілдер-салыстыру,талдау,жіктеу,дәлелдеу әртүрлі іс-әрекеттерде қолданылады.Білім берудің мұнай құндылығы күнде артып келеді.Мұның дәлелі ретінде компьютерлік білім сауаттылығы, логиканың теориялық негізін құрайды. Бұл жөнінде адамдық ойлаудың түрлі бағыттары бойынша:
Сократ,Аристотель,Декарт,Гегель,М.Берцфаи,М.Монтессори,Ж.Пиаже,П.П.Блонский,Л.С.Выготский,П.Я.Гальперин,В.В.Давыдов,А.В.Запорожец,Г.С.Костюк,А.Н.Леонтьев,А.Р.Лурия,А.И.Мещеряков,Н.А.Менчинская,Д.Б.Эльконин,Н.Н.Семёнов,Б.М.Кедров,Н.В.Григорян,Л.М.Фридма,Н.А.Подгорецкая және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Логика ғылым ретінде дүниеге келіп,қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп саналады , ал оның негізін салған ертедегі грек философы Аристотель оны «ойлаудың грамматикасы»деп атаған екен.Ежелгі Грекияда логика саласындағы ғылыми зерттеулерді алғаш бастаған Демокрит.Сондай-ақ Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен Плотон да айналысты.Бірақ , олардың ешқайсысы да логика ғылымын жасай алмады.Тек бұл міндетті Аристотель іске асырды.
Логика гректің logos – «ойлау», «сөз», «ақыл-ой», «заңдылық» деген ұғымдарды білдіретін кең мазмұнды сөзінен шыққан.Осыған сәйкес «логика» термині,негізінен,мынадай үш мағынада қолданылады: 1) шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын білдіру үшін; 2) ойлаудың дәйектілігін, айқындылығын,дәлелділігін білдіру үшін; 3) логика ғылымы-ойлау логикасының теориялық,ғылыми бейнесі ретінде қолданылады.
Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде ХVII ғасырдағы озат ойшыл,ірі ғалымдардың бірі Ф.Бэконның еңбектерінде маңызды рөль атқарды.Ол «ұқсастық әдісі», «айырмашылық әдісі», «ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісі», «бірге болатын өзгерістер әдісі», «қалдықтар әдісі» деп аталған ғылыми-индукцияның бес әдісін жасап берді.
Бір жүйеге келтірілген диалектикалық логиканы тұңғыш рет Гегель жасады.Ал,диалектикалық логиканы жасаған К.Маркс пен Ф.Энгельс болды.Логикалық сөйлемдерді геомитриялық фигуралар арқылы түсіндіру әдісі И.Г.Ламберг және Б.Больцано еңбектерінде кездеседі.Сөйтіп ,логикалық мәселелерді шешуде математика әдістерді қолдану кеңінен таралды.Қазақстанда логиканың дамуына академик А.Д.Тайманов зор үлес қосты.Ол логиканың ойлау формаларын(ұғым,пікір,ойқорытынды)зерттеп,олардың мәнін ,түрлерін,арақатынастарын,олармен операциялар жасаудың тәртібін ашып,оларға тән ережелер мен түпкілікті ойлау заңдарын саралады.Мұнда дәстүрлі логиканың қойған мәселелерін шешу үшін символдар тілі,математикалық әдістер,логикалық есептеулер қолданылады.Бұлайша қарастыру ойлаудың жаңа заңдылықтарын ашуға,ойлау процесін автоматтандыруға,сөйтіп,осыған негізделген жаңа техника мен технологияны жасауға жағдай жасайды.Қазіргі кезде логика,негізінен ,үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы,математика және логикалық методология)тұратын ,жан-жақты тармақталған ғылымға айналды.
Ә.Тұрғынбаевтың анықтамасында «Логика дегеніміз-ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары,ережелері туралы,философиялық ғылым» делінген.Ойлау дегеніміз – ең алдымен шындық дүниесінің адам миында бейнеленуі болып табылады.

2. Негізгі мақсаты мен зерттеу пәні:

Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.
Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегімен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.
Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Мектепалды даярлық топ балалардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бұл кезде балалардың ойлары нақты – бейнеліден абстрактылы – логикалық ойлауға қарай дамиды. Логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай — ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

3. Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау.
Баласын жан-тәнімен сүйетін ата-ананың міндеті – бөбегін таным жолына жетелей отырып, оның өздігінен әрекет жасау құқығын қуаттай білу, үнемі жетіліп отыруына мүмкіндік беретін орта қалыптастыру болып табылады.
Ондай орта, әрине, ұжымдық орта. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықтарымен, ата-анасымен, бауырлары, сыныптастарымен бірлесіп ойнау арқылы, қиялдарға беріліп, қызығушылығы артады. Қиялдау арқылы шығармашылық әрекеттерге қадам жасайды.
Бала ең алғаш мектепке келген кезде, біршама уақыт өзінің ойыншықтарын, бірге ойнаған достарын ұмыта алмай ойы соларға бөлініп жүретіні түсінікті жай.
Балабақшада баланың логикасын дамытуды жеделдететін, нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына ықпал ететін жаңа мазмұндағы ойыншықтармен ойната отырып оқытқан жағдайда оның мектеп өміріне қызығушылығы арта түседі.
Бұл ретте қоғамдық тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақша тәрбиелеріне «әрбір бала — өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» — деп өз бағдарламаларын үйретуден жалықпаған Фридрих Фребельдің материалдарынан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті, экологиялық таза, ағаштан жасалынған математика, информатика пәндеріне арналған геометриялық фигуралар, ұшбұрыш, төртбұрыш, ромб, трапеция, ірі-майда дөңгелек айшықтар мен ұзын, қысқа кесінділерден т.б., бір комплектіде 14 бөліктен тұратын оқыту кезінде ойын элементтерін қолдануға ыңғайлы ойыншықтарды ұсынады. Геометриядан фигуралардан жұлдызшалар жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыруда матемаикалық логиканың даму процесін жылдамдатуға логикалық ойлауды жүйелеумен бірге, логикалық операциялар сияқты негізгі ұғымдарды модельдеуге ықпалы зор. В. Давыдовтың «Балабақша баласының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *