Сен әлі “Кішкентай адамның үлкен трагедиясы” атты спектакль көрмедінбе?
<span;>Шағын сахналардан құралған, мағынасы ауқымды қоғам трагедиясы. Бір ғана сахна адам жаның ұғынар, адазатты түсінер құндылығы мол дүние. Қалжыңсыз комедия деп жазылған болса да,әр қалжың астында мағынасы терең трагедия жатыр.Қойылым өмір шындығына терең байлап,<span;>қоғам өміріндегі әлеуметтік-философиялық тақырыпта ой қозғайды.Спектакль барысында адам бойында кездесіп тұратын мінез құлықтардыда алға тартты.Жуан мен жіңішкеден басталған қаскүнем, қонақ тақырыптарымен өрбіген әңгіме мазмұны, қызметтегі орны,досына жағымпаздануы мен, еркектің әйеліне жасаған қиянаттылығы барлығын қосқанда жалпы адамзаттық рухани бейнесін бейнелейді.Бір қойылым, бірнеше талант орнаған құнды дүние.Арсыз күлкімен бірге көрсетілген ақиқат.Мағынасы зор дүние.Ғажап дүние.Бәрі өнер құдіреті..