Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты»: тарихи сипаты мен мәні

Туады ерлер ел үшін,

Өлмейді ісі мәңгілік.

Өшпейді абзал есімдер,

Ұрпаққа жетіп мәңгілік, – деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.  Сондай бір алып тұлғалардың бірі -Бақытжан Қаратаев. Топ жарған алғашқы заңгер , 1860 жылы Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылында дүниеге келіп, 1934 жылы Ақтөбе қаласында өмірден өткен.

         Осы «Большевиктік Орал» газетінің жабылуына  Бақытжан Қаратаевтің «Ашық хаты» түрткі болды. Ол не хат ? Не жазылған? Әңгіменің төркіні қайда жатыр? Біз білетіндей әрбір нәрсе бекерден бекер болмайды. Біреуіне біреуінің септігі бар. Осы тұста “Ашық хаттың” құпиясы, астары бар. 1906 жылдары Ресей өлкесінде ушыға бастаған аграрлық реформа, хаттың жазылуына түрткі болды. Ресейдегі жер тапшылығы мәселесіне байланысты көтерілген ауқымды проблема. Реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған П. А. Стольпин. Негізгі мәні Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын жою. Ал оны жою үшін, өлкенің шаруаларын шеткі аймақтарға, атап айтқанда Далалық облыстар территориясына мен Жетісу, Семей облыстарының территориясына қоныс аударту. Яки, бір жақты етіп жер мәселесі болса, екіншісі бізді ығыстырып, жер иелену. Әр істің екі жағы бар . Жер мәселесі қарастырылғанымен, қазақ халқының мән-жайын ойға да салмады. Қазақ жеріне Ресей шаруалары қоныс аударады дегеніміз, жергілікті тұрғындардың өз жерлерінен айырылуы. Құнарлы жерлерін өз иеліктеріне тартып, қалған сортаң даланы бізге беру көздегендері еді . Осы тұста жүрегі елім, жерім деп соққан Бақытжан Қаратаев халық мүддесін қолдап ашық хат жазды:

       ” Қазақ халқы Ресейде  ушығып тұрған аграрлық мәселенің тез шешім қабылдау қажеттігін түсініп отыр. Біз шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын  жақсы сезінеміз,артық жерлеріміз болса ризашылығымызбен ығысып орын беруге де дайынбыз. Зерттеуші Щербина Дала облысының уездерін ,атап айтқанда Торғай,Ақмола,Семей өлкелерінің тек құнарлы жерлерін ғана зерттеген. Бірақ Щербина олардың оңтүстік уездеріне бара алмады. Сіздер қазақты тек қана көшпелі шаруашылықпен айналысады деп ойлайсыздар. Жоқ мырзалар, қазақтардың көшпелісі де,отырықшысыда бар. Ондаған  жылдар бойы,егін егіп, сонымен күнін көріп отырған қазақтарда жетерлік. Сіздер Дала облыстарына қоныс аударта отырып,іс жүзінде қазақтарды өз туған мекенінен қуып шығумен айналысудасыздар. ”

  Қорытындылай келе , ашық хаттың мәні зор екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі, ол заманда екінің бірі билікке хат жазу тұрмақ, сөз асыруға қорқатындай еді . Сыни көзқарасын жүйелі түрде, сауатты түрде жазғанын-ақ ол кісінің білімді екенін аңғартады. Хатты биліктің санасына жеткізіп қана емес, реформаның әлдеқайда дұрыс емес екенін ұғындырады. Білімді адам әрқашан көш бастайтынына тағы көзім жетті!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Омарова Ұлана Худиярбекқызы

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *