Менің кішкентай күнім

Менің кішкентай күнім

Көтеріп сені батырып,көтеріп сені шығарам,
Кішкентай күнім,сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман.
Кішкентай күнім,сені мен арқалап жүріп айығам,
Табанға кірген шегеден,миына қаққан сынадан.
Қондырам-дағы ұяңа,отырам өзім күзетіп,
Әлдекімдерден қызғанып,әлсіреп жүрек дыз етіп;
Керімсал түннің кей-кейде кетеді маған сызы өтіп,
Отыра берем сонда да өмірдің кілтін түзетіп.
Қара аспанымнан, кей-кейде қара нөсерлер боратса,
Самалдатқаным мен сені,қапырық болып баратса.
Кішкентай күнім,кеш мені,барлығы-дағы сен үшін,
Иілмес емендерге мен, иілсем кейде садақша?
Бата ғой, күнім, дөңгелеп,шыға ғой, күнім дөңгелеп
Тірліксіз болмау үшін де,титімдей күнім,сен керек!
Мұқағали Мақатаев

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Bilimger.kz Республикалық білім және ғылым порталы Республикалық білім және ғылым порталы ✅ ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі тіркелген 📋 Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718
Прокрутить вверх